Сатулар

Біздің уақытта көп адамдар коммерциялық табысты – нағыз бизнестің табысымен теңдестіреді. Бірақ, екінші жағынан, сатулар жүйесін басқаруды, коммерциялық және маркетингілік блоктардың арасындағы тиімді байланыстарды қалыптастыруды, сатулардың сыйымды арналарын іздеуді – жүйелік менеджерлік тәсілдемесіз жүзеге асыру мүмкін емес.

«Сатулар» мамандануындағы MBA Professional бағдарламасы бір жағынан бизнестің жүйелік көрінісінің құзыреттерін дамытуды ынталандырады, ал екінші жағынан — стратегиялық маңызы бар нақты функционалдың мәселенамасына «енуге» мүмкіндік береді, сондай-ақ, ұйымның коммерциялық қызметін басқару, компаниядағы сатулар жүйесін қалыптастыру, «озық желінің» тиімді бөлімшелерін құру салаларындағы ең үздік тәжірибелерді қарастыруға мүмкіндік береді.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • Өз компанияңызды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыра аласыз және сатуларды, қаржыны, маркетингілік бастамаларды, адамдарды және үдерістерді басқару саласындағы міндеттерді шешуге жүйелі түрде кірісесіз;
  • Ұйымдағы сатулардың тиімді жүйесін қалыптастырудың, трейд-маркетингтің, жекізілімдер тізбегін басқарудың, жобаларды басқарудың заманауи құралдарымен және т.б. танысасыз;
  • «Үздік желінің» бөлімшелерін басқару мәселелері бойынша біліміңіз бен тәжірибеңізді өз курстастарыңызбен және тәжірибешіл-сарапшылармен бөлісе аласыз;
  • Сатулардың тиімді стратегиясын жетілдіру және іске асыру құралдарын игересіз және сыртқы ортадағы өзгерістерге қарай оны бейімдеуді үйренесіз;
  • Бизнес-үдерістерді сипаттау және талдау машықтарын, басқаларға ықпал ету және маркетингілік коммуникациялар жүйесін құру машықтарын меңгересіз;
  • Дипломдық жобамен жұмыс жасау барысында өз ұйымыңыздың сату бөлімшесінің басқару жүйесін жетілдіре аласыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • Өзінің менеджерлік мансабын – коммерциялық бөлімшені басқарумен байланысытыратын тұлғаларға;
  • Жауапкершілігінің аймағына – ұйымның коммерциялық қызметін басқару кіретін, қалыптасып қойған басшыларға.

Оқудың ұзақтығы және оқу жоспары

«Сатулар» мамандануындағы MBA Professional бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 18 модуль оқып зерттеледі.

Сабақ кестесі

Сабақтың басталуы: 1 қараша 2012 жыл.

Оқу тәртіптемесі – әр апта сайын дүйсенбі және сәрсенбі күндері 18:30-дан 21:30-ға дейін, жұма күні 16:30-дан 21:30-ға дейін, сондай-ақ айына бір рет сенбі күні 10:00-ден 17:00-ге дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім (бакалавриат, маман немесе магистратура);
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдағаннан кейін түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом;
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы халықаралық диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Күндізгі оқу
1 400 000 тенге
(2 000 000 тенге)
2 000 000 тенге

Бір тыңдаушының толық оқу курсының құны көрсетілген, оқу барысында қосымша төлемдер жоқ.