MBA Project Management

Өткен ғасырдың соңынан бастап жобалық басқарудың элементтері жаңашыл-компаниялардың немесе жобалық менеджментке ынтық болып отырған (кәсіби қызметтер, құрылыс және т.б. салалардағы) фирмалардың қызметіне ғана емес, сонымен қатар, билік органдарын қоса есептегенде барынша сақтанымпаз ұйымдардың қызметіне де ықпалдана бастады. Іс жүзінде әрбір жоғары дәрежелі маман бүгінгі таңда бір немесе бірнеше жобалардың жетекшісі болып табылады.

Сондықтан Moscow Business School мектебі Moscow Technological Institute оқу орнымен бірлесе отырып, басқарудың қыр-сырының ескерілуімен МВА бағдарламасын ұсынады, ал бұл Сізге басқарудағы жалпы тәсілдемелерге көңіл бөліп қана қоймай, сонымен қатар, жобаларды басқарудың заманауи әдістемелерімен, тиімді уақыттық және виртуалдық командаларды қалыптастыру тәсілдемелерімен, аутсорсингілік және бірқатар басқа да жобалардың қыр-сырымен танысуға мүмкіндік береді. Оқу барысында Сіз тек күндізгі тұрақты сабақтарға ғана емес, сонымен қатар жобалық басқару, инновацияларды, инвестициялық жобаларды басқару және т.б. салалардағы тәжірибешіл-сарапшылардың вебинарларына да «баруыңызға» болады.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • өз компанияңызды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыра аласыз және қаржыны, маркетингілік бастамаларды, адамдарды және үдерістерді басқару саласындағы басқарушылық мәселелерді шешуге жүйелі түрде кірісе аласыз;
  • жобаларды және жоба портфельдерін басқарудың заманауи әдістемелерімен танысасыз;
  • жобаға қаржылық және бейқаржылық ресурстарды және т.б. тарту мәселелерін шешу барысында өз курстастарыңызбен және жобаларды басқару саласындағы тәжірибешіл-сарапшылармен білім және тәжірибе алмаса аласыз;
  • бизнестің ерекшеліктерінің ескерілуімен тиімді стратегияларды жетілдіру және іске асыру құралдарын игересіз, компанияның стратегиясын іске асырудағы ішкі корпоративтік жобалардың рөлін сезінесіз;
  • IT-инфрақұрылымды иемденудің құнын бағалауды үйренесіз, жобаларды басқарудың автоматтандырылған жүйелері мен ақпараттық жүйелерінің барынша оңтайлы сәулетін таңдаудағы заманауи тәсілдемелерді оқып зерттейсіз;
  • дипломдық жобамен жұмыс жасау барысында өз ұйымыңыздағы жобаларды басқару жүйесін жетілдіре аласыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • өзінің басқарушылық мансабын – жобаларды басқарумен байланыстыратын тұлғаларға;
  • өз ұйымдарында жобалық басқарудың элементтерін енгізуді жоспарлайтын, қалыптасып қойған басшыларға.

Оқудың кестесі және ұзақтығы:

Сабақтың басталуы: 1 қараша 2012 жыл.
1 нұсқа: дүйсенбі, сәрсенбі күндері 18:30-дан 21:30-ға дейін, жұма күні 16:30-дан 21:30-ға дейін + айына бір рет сенбі күні 10:00-ден 17:00-ге дейін.
MBA Project Management бағдарламасы бойынша оқудың жалпы ұзақтығы 2 жылды құрайды.

Файлдар: 

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім (бакалавриат, маман немесе магистратура);
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдағаннан кейін түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом;
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы халықаралық диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Күндізгі оқу
1 400 000 тенге
(2 000 000 тенге)
2 000 000 тенге

Бір тыңдаушының толық оқу курсының құны көрсетілген, оқу барысында қосымша төлемдер жоқ.