Ұйымдық даму

Уәждемелік көріністі қалыптастырудан, оны іске асырудың жоспарлары мен сценарийлерін тыңғылықтаудан бастап, жаңа нарықтар мен қызмет етудің табысты бағыттарын іздеуге және құруға дейін заманауи компанияның келешегін қалыптастыру — оңай шаруа емес. Көшбасшы-компаниялардың көпжылдық тәжірибесі – бұл міндеттің тек бірінші басшының ғана емес, сонымен қатар бүкіл менеджмент жүйесінің міндеті екенін, яғни, кез-келген деңгейдегі басшының міндеті екенін дәлелдеді.

Бизнестің ұзақ мерзімдік табыстылығын қамтамасыз ету үшін заманауи компания қалай дамуы тиіс? Бірнеше онжылдықтар бойы қатарынан «Табыстың шыңында» тұрған нарық көшбасшыларының өмірлік жолында қандай құпиялар бар? Ұйымды басқару жүйесін қалайша оның өсуіне және дамуына бағыттап құрастыруға болады? Бизнестің құнын арттыру үшін және оның орнықтылығы мен тиімді дамуын қамтамасыз ету үшін босалқы қорларды қайдан табуға болады? Осы және басқа да көптеген сұрақтар «Ұйымдық даму» мамандануындағы MBA Professional бағдарламасында оқудың барысында қарастырылатын болады.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • Беталыстардың жаһандануын ескере отырып жобаларды басқару, маркетингілік стратегия мен тактиканы жетілдіру, адам капиталын, қаржыны және бизнес-үдерістерді басқару салаларындағы міндеттерді шешуге жүйелі түрде кірісе аласыз;
  • Жобаларды, тәуекелдерді, инновацияларды және компанияның құнын басқарудың заманауи құралдарымен, басқарушылық және ұйымдастырушылық кеңес берудің әдістемелерімен және т.б. танысасыз;
  • Даму жобаларын басқару мәселелері бойынша біліміңіз бен тәжірибеңізді өз курстастарыңызбен және оқытушыларыңызбен бөлісе аласыз;
  • Ұйымның дамуының тиімді стратегиясын жетілдіру және іске асыру құралдарын игересіз және сыртқы ортадағы өзгерістерге қарай оны бейімдеуді үйренесіз;
  • Инвестициялық стратегияны қалыптастыру және талдау машықтарын; start up-жобаларын іске асыру, бизнес-үдерістердің реинжинирингі және сипаттау, дамыту сценарийлерін жетілдіру машықтарын меңгересіз;
  • Дипломдық жобамен жұмыс жасау барысында бизнес-жоспар форматында, маркетингілік немесе бизнес-стратегия форматында дамыту жобасын тыңғылықтай отырып өз ұйымыңыздағы басқару жүйесін жетілдіре аласыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • Өзінің менеджерлік мансабын – ұйымды дамыту жобаларын басқарумен байланыстыратын тұлғаларға;
  • Жауапкершілігінің аймағына – бизнесті дамыту стратегиясын жетілдіру және іске асыру кіретін, қалыптасып қойған басшыларға.

Оқудың ұзақтығы және оқу жоспары

«Ұйымдық даму» мамандануындағы MBA Professional бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 18 модуль оқып зерттеледі.

Сабақ кестесі:

Сабақтың басталуы: 1 қараша 2012 жыл.

Оқу тәртіптемесі – әр апта сайын дүйсенбі және сәрсенбі күндері 18:30-дан 21:30-ға дейін, жұма күні 16:30-дан 21:30-ға дейін, сондай-ақ айына бір рет сенбі күні 10:00-ден 17:00-ге дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім (бакалавриат, маман немесе магистратура);
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдағаннан кейін түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом;
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы халықаралық диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Күндізгі оқу
1 400 000 тенге
(2 000 000 тенге)
2 000 000 тенге

Бір тыңдаушының толық оқу курсының құны көрсетілген, оқу барысында қосымша төлемдер жоқ.