Операциялық және логистикалық менеджмент

Негізгі бизнес-үдерістерді тиімді қолдап отыруға қабілетті, барынша оңтайлы логистикалық құрылымды құру — заманауи басқарудың аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Moscow Business School мектебі мен Moscow Technological Institute оқу орны Сізге Logistics&Operations мамандануындағы МВА бағдарламасын ұсынады, оның мақсаты — көлік компаниялары мен логистикалық оператор болып табылатын компанияларда жұмыс істейтін өндірістік және сауда ұйымдарының операциялық қызметіне жетекшілік жасайтын құзыретті басшыларды даярлау болып табылады.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

Бұл бағдарлама жоғары және орта буындағы менеджерлерге арналған, сондай-ақ логистикалық және операциялық менеджмент, жеткізулер мен бизнес-үдерістерді басқару салаларындағы білім мен машықтарға қол жеткізгісі келетін, қолда бар тәжірибені жүйелегісі келетін тұлғаларға арналған.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • Өз компанияңызды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыра аласыз және қаржыны, маркетингілік бастамаларды, адамдарды және үдерістерді басқару саласындағы басқарушылық міндеттерді шешуге жүйелі түрде кірісесіз;
  • Халықаралық маркетинг құралдарынан бастап, жүктерді халықаралық тасымалдауды басқару аспектілеріне дейінгі бизнестің халықаралық ортасын өзіңізге жақсырақ елестете аласыз;
  • Босалқы қорларды, жеткізулерді, тәуекелдерді, жобаларды, бизнес-үдерістер реинжинирингі және сипаттау құралдарын басқарудың заманауи әдістемелерімен танысасыз;
  • Логистикалық үдерістерді ресурстық қамтамасыз ету, кедендік құрылымдармен өзара әрекеттесу мәселелерін және т.б. мәселелерді шешуде, логистикалық операцияларды басқару саласындағы тәжірибешіл-сарапшылармен және өз курстастарыңызбен өз біліміңіз бен тәжірибелеріңізді алмаса аласыз;
  • Бизнестің ерекшеліктерін ескере отырып, тиімді стратегияларды жетілдіру және іске асыру құралдарын игересіз;
  • Логистикалық операциялардың тиімділігін арттыру мақсаттарында ақпараттық технологиялардың қолданылу мүмкіндігін бағалауды және өз бизнесіңіз үшін барынша оңтайлы ИТ-инфрақұрылымды қалыптастыруды үйренесіз;
  • Дипломдық жобамен жұмыс жасау барысында өз ұйымыңыздың логистикалық жүйесін жетілдіре аласыз.

Оқудың ұзақтығы және оқу жоспары:

«Операциялық және логистикалық менеджмент» мамандануындағы MBA Professional бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім (бакалавриат, маман немесе магистратура);
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдағаннан кейін түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом;
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы халықаралық диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
Демалыс күндік топта сырттай оқу
1 күндізгі сессиямен Мәскеуде және
1 күндізгі сессиямен шетелде
745 000 тенге
(1 095 000 тенге)
1 095 000 тенге
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге
1 245 000 тенге
(1 845 000 тенге)
1 845 000 тенге

Бір тыңдаушының толық оқу курсының құны көрсетілген, оқу барысында қосымша төлемдер жоқ.