Өндірістік менеджмент

Өндірістік компаниялардың өзіндік ерекшелігі бар, сондықтан да, басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру барысында осыны ескеру қажет. Бұл дегеніміз – «көк жағалылар» деп аталатынд тұлғаларды басқару ерекшеліктерінің мәселелері, қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру мәселелері, тиімді бизнес-үдерістерді қалыптастыру мәселелері, өндірілетін өнім сапасының тиісті деңгейін қамтамасыз ету ерекшеліктерінің мәселелері, сондай-ақ нарықтағы өз орнын табу және клиенттің нақты қажеттіліктеріне бейімделу қабілетінің мәселелері болып табылады.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

«Өндірістік менеджмент» мамандануындағы MBA Professional бағдарламасы өндірістік компаниялардың жоғары және орта буындағы менеджерлеріне, цехтардың бастықтарына және басқарушылық функцияларды атқаратын аға инженер қызметкерлеріне.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • Бір-бірімен өзара байланысуы тұрғысында қарастыра отырып – өндірісті, қаржыны, маркетингілік бастамаларды, адамдар мен үдерістерді басқару саласындағы басқарушылық міндеттерді шешуге жүйелі түрде кірісе аласыз;
  • Халықаралық маркетингтен және жаһандық трендтерден бастап, халықаралық жүк тасымалдарын және сыртқы экономикалық қызметті басқарудың аспектілеріне дейін – бизнестің халықаралық ортасын жақсырақ елестете аласыз;
  • ISO 9001 стандартына сәйкес сапаны басқару әдістемесі мен үнемшіл өндіріс жабдықтарын қоса есептегенде, бизнес-үдерістер реинжинирингі және сипаттау құралдарын, жобаларды, тәуекелдерді, босалқы қорларды басқарудың заманауи әдістемелерімен танысасыз;
  • Өз курстастарыңызбен, тартылатын оқытушылармен және тәжірибешіл-сарапшылармен өз біліміңіз бен тәжірибеңізді алмаса аласыз;
  • Бизнестің ерекшеліктерін ескере отырып, тиімді өндірістік стратегияларды жетілдіру және іске асыру құралдарын игересіз;
  • Әр-түрлі өндірістік операциялардың тиімділігін арттыру және өз бизнесіңіз үшін барынша оңтайлы болып табылатын IT-инфрақұрылымды қалыптастыру мақсаттарына арналған ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігін бағалауды үйренесіз;
  • Дипломдық жобамен жұмыс жасау барысында өз ұйымыңыздың немесе бөлімшеңіздің өндірістік үдерістерін жетілдіре аласыз.

Оқудың ұзақтығы және оқу жоспары

«Өндірістік менеджмент» мамандануындағы MBA Professional бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім (бакалавриат, маман немесе магистратура);
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдағаннан кейін түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом;
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы халықаралық диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
Демалыс күндік топта сырттай оқу
1 күндізгі сессиямен Мәскеуде және
1 күндізгі сессиямен шетелде
745 000 тенге
(1 095 000 тенге)
1 095 000 тенге
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге
1 245 000 тенге
(1 845 000 тенге)
1 845 000 тенге

Бір тыңдаушының толық оқу курсының құны көрсетілген, оқу барысында қосымша төлемдер жоқ.