Көшбасшылық

Бүгінгі таңда «беделі жоғары» басшы болу үшін, стратегиялық және қаржылық талдау мен жоспарлауды жүргізу машықтарын иемдену жеткіліксіз, бұған қоса, өз әріптестеріңді жақсырақ тыңдауды үйрену керек және өзіңнің басқару стиліңді түзете отырып және ықпал етудің әр-түрлі құралдарын пайдалана отырып олардың әрекеттерін бағыттауға дағдылану қажет.

«Көшбасшылық» сөзінің – бос сөз емес, бизнесте табысқа жетудің құралы екендігіне сенетін адамдар үшін, Moscow Technological Institute және Moscow Business School «Көшбасшылық» мамандануымен MBA Professional бағдарламасын жетілдірді.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • Өз компанияңызды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыра аласыз және қаржыны, маркетингілік бастамаларды, адамдарды және үдерістерді басқару саласындағы мәселелерді шешуге жүйелі түрде кірісе аласыз;
  • Заманауи ұйымдағы көшбасшылық институтын қалыптастырудың ең үздік тәжірибелерімен және көшбасшылықтың заманауи тұжырымдамаларымен танысасыз;
  • Менеджмент саласында өз курстастарыңызбен және тәжірибешіл-сарапшылармен білім және тәжірибе алмаса аласыз;
  • Өзіңіздің көшбасшылық әлеуетіңізді ашасыз және өз бизнесіңіздің ерекшеліктерінің ескерілуімен тиімді стратегияларды жетілдіру және іске асыру құралдарын игересіз;
  • Коучинг, құндылықтар бойынша басқару, ықпал ету, жеке брендті және байланыстар желісін қалыптастыру және жылжыту, жобаларды басқару машықтарын меңгересіз;
  • Дипломдық жобамен жұмыс жасау барысында өз ұйымыңыздағы басқару жүйесін жетілдіре аласыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • Өзінің басқарушылық мансабын – ұйымшыл және мақсатқа ұмтылған командаларды қалыптастырумен байланыстыратын тұлғаларға;
  • Өзінің тиімділігін, сондай-ақ өз бизнесінің тиімділігін арттыруды жоспарлайтын, қалыптасып қойған басшыларға.

Оқудың ұзақтығы

«Көшбасшылық» мамандануындағы MBA Professional бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 18 модуль оқып зерттеледі.

Сабақ кестесі:

Сабақтың басталуы: 1 қараша 2012 жыл.

Оқу тәртіптемесі – әр апта сайын дүйсенбі және сәрсенбі күндері 18:30-дан 21:30-ға дейін, жұма күні 16:30-дан 21:30-ға дейін, сондай-ақ айына бір рет сенбі күні 10:00-ден 17:00-ге дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім (бакалавриат, маман немесе магистратура);
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдағаннан кейін түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом;
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы халықаралық диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Күндізгі оқу
1 400 000 тенге
(2 000 000 тенге)
2 000 000 тенге

Бір тыңдаушының толық оқу курсының құны көрсетілген, оқу барысында қосымша төлемдер жоқ.