Қызметкерлерді басқару

Қызметкерлер жөніндегі директор бүгінгі таңда – жай басшы ғана емес, сонымен қатар, өзгерістердің жолбасшысы болып табылады. Оның міндеті — тапшы болып отырған білікті кадрларды тарту, қызметін оңтайландыру және кадр резервін құру жолымен компанияның нарықтық құнын арттыру болып табылады.

Еңбек нарығы әрдайым белсенді және өте құбылмалы болып келеді. Қазіргі таңда қызметкерлер жөніндегі директор стратегиялық деңгейдегі міндеттерді шешуі тиіс және негізгі қызметкерлерді іздеу, дамыту, сондай-ақ оңтайландыру және ұстап қалу машықтарын меңгеруі тиіс.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

Бұл бағдарлама компаниялардың басшыларына, қызметкерлер жөніндегі менеджерлерге, кадрлар бөлімінің мамандарына, сондай-ақ компанияның кадр саясаты саласындағы білім мен машықтарға қол жеткізгісі келетін, қолда бар тәжірибені жүйелеуге немесе жаңартуға талпынатын адамдарға арналған.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • Қызметкерлерді басқару саласындағы негізгі басқарушылық құзыреттер бойынша: қызметкерлерді іріктеу, бейімдеу, бағалау, аттестаттау, дамыту бойынша және уәждеу жүйесі бойынша заманауи жабдықтарға қол жеткізесіз;
  • Қызметкерлерді басқару саласындағы атқарымдық стратегияны қалыптастыруды үйренесіз;
  • Басқарушылық құзыреттерді күшейтесіз және жеке тиімділігіңізді арттырасыз;
  • Ресейдегі және батыс елдеріндегі компаниялардың тәжірибесін ескере отырып, корпоративтік оқыту жүйесін құрудың заманауи әдістері туралы білесіз.

Оқудың ұзақтығы және оқу жоспары

«Қызметкерлерді басқару» мамандануындағы MBA Professional бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім (бакалавриат, маман немесе магистратура);
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдағаннан кейін түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом;
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы халықаралық диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
Демалыс күндік топта сырттай оқу
1 күндізгі сессиямен Мәскеуде және
1 күндізгі сессиямен шетелде
745 000 тенге
(1 095 000 тенге)
1 095 000 тенге
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге
1 245 000 тенге
(1 845 000 тенге)
1 845 000 тенге

Бір тыңдаушының толық оқу курсының құны көрсетілген, оқу барысында қосымша төлемдер жоқ.