Холдингілік құрылымдарды басқару

XX ғасырдың соңғы жылдары мен екінші мыңжылдықтың басындағы беталыстар бизнестің сатып алу және қосылу арқылы өсуі – тұрақты беталыс екендігін көрсетіп отыр. Ал 2008–2009 жылдардағы дағдарыс орташа көлемдегі компаниялардың да жекелеген заңды тұлғаларға бөлшектенуіне түрткі болды. Іс жүзінде — бүгінгі таңда көптеген табысты бизнестер сатылас ықпалданған нысанда немесе көппрофильдік деңгейлес холдингілік құрылымдар нысанында тіршілік етуде, және оларды басқарудың өз ерекшеліктері бар.

Бағдарламаның мақсаты: әр-түрлі деңгейдегі холдингілік құрылымдардағы басшылардың басқарушылық құзыреттерін дамыту, компаниялар тобын оперативтік түрде басқару стратегиясы мен жүйесінің қалыптасу мәселелерін, қосылу және қосып алу арқылы өсудің тәуекелдері мен мүмкіншіліктерін жүйелі түрде қарастыру.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • Холдингілік құрылымдарды басқару ерекшеліктерін ескере отырып, компаниялар тобының шеңберінде іске асырылатын басқарушылық шешімдерді қабылдауға барынша жүйелі түрде кірісе аласыз;
  • Компаниялар топтарының тиімді стратегияларын қалыптастыру құралдарымен танысасыз;
  • Бизнестің нақты жүйесі үшін стратегиялық емес функцияларды аутсорсингке шығарудың орындылығын бағалай аласыз;
  • Ұйымдық құрылымдар мен үдерістерді оңтайландыру құралдарын игересіз;
  • Қосылулар мен қосып алулар бойынша жобалардың тәуекелдері мен мүмкіншіліктерін бағалауды үйренесіз;
  • Басқаруға арналған жобалық және үдерістік тәсілдемелерді игересіз;
  • Холдингілік құрылымдарды басқару жүйесін құру жөніндегі тәжірибешіл-сарапшылардың және өз курстастарыңыздың тәжірибесімен таныса аласыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • Холдингілік құрылымдардағы әр-түрлі басқару деңгейлеріндегі басшыларға;
  • Бизнесті дамыту немесе стратегиялық басқару жөніндегі директорлар мен менеджерлерге;
  • Қосылулар мен қосып алулар жөніндегі жобалардың жетекшілеріне.

Оқудың ұзақтығы және оқу жоспары

«Холдингілік құрылымдарды басқару» мамандануындағы MBA Professional бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім (бакалавриат, маман немесе магистратура);
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдағаннан кейін түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом;
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы халықаралық диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
745 000 тенге
(1 095 000 тенге)
1 095 000 тенге
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Бір тыңдаушының толық оқу курсының құны көрсетілген, оқу барысында қосымша төлемдер жоқ.