Қаржы

Бұл бағдарлама Ресейдің өзіндік ерекшелігіне бейімделген, заманауи қаржы менеджментінің негізгі аспектілеріне арналған. Сіз негізгі қаржылық шешімдерді бағалау және қабылдау машықтарын меңгеріп аласыз.

Бағдарлама аспаптық және қолданбалы болып табылады, қаржылық шешімдерді негіздеуді және қабылдауды жоспарлаған немесе осымен айналысатын, компанияның бизнес-үдерістерін жүргізетін мамандарға арналып көзделген.

Бағдарлама компаниялардың басшыларына, қаржы жөніндегі директорларға, бухгалтерлерге, экономисттерге, қаржы департаменттерінің мамандарына, сондай-ақ, қаржы саласындағы білімге және машықтарға қол жеткізгісі келетін, қолда бар тәжірибені жүйелеуді және жаңартуды қалайтын тұлғаларға арналған.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • Өз компанияңыздың стратегиясы мен міндеттеріне сәйкес қаржыны басқарудың кешенді және тиімді жүйелерін құру бойынша білімге, ептілікке және машықтарға қол жеткізесіз;
  • Компанияның қаржы ағындарын басқару мәселелерін, қаржы есептемесі мен салық салу мәселелерін қарастырасыз;
  • Басшы ретіндегі өзіңіздің жеке тиімділігіңізді арттырасыз және компанияның кәсіби қаржылық қызметін құрасыз;
  • Инвестициялық жобаларды есептеп шығарудың және талдаудың қаржылық үлгілерін өз бетінше құра аласыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • Қаржы директорларына (Chief Financial Officer);
  • Бас бухгалтерге;
  • Қаржы менеджерлері мен экономисттерге;
  • Қаржы саласына өтуді жоспарлаған менеджерлерге.

Оқудың ұзақтығы және оқу жоспары

«Қаржы» мамандануындағы MBA Professional бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім (бакалавриат, маман немесе магистратура);
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдағаннан кейін түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом;
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы халықаралық диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
745 000 тенге
(1 095 000 тенге)
1 095 000 тенге
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Бір тыңдаушының толық оқу курсының құны көрсетілген, оқу барысында қосымша төлемдер жоқ.