Экономика

Қазіргі таңдағы компанияның тұрақты дамуы – оның қаржы-экономикалық қызметін жоғары кәсібилікпен басқарусыз мүмкін емес. Алайда, бизнестің қалай жұмыс жасайтынын, бизнестің құнын арттыратын және оның тұрақтылығын қамтамасыз ететін ұзақ мерзімдік көздердің қайда екенін ұғынбайтын қаржыгер – нашар қаржыгер.

«Экономика» мамандануындағы MBA Professional бағдарламасында оқи отырып, Сіз бизнесті басқарудың мәселенамасына оның — маркетинг, операциялық қызмет, HR, стратегиялық менеджмент және т.б. секілді алуан түрлілігімен тереңдеп ене аласыз, сондай-ақ, тар шеңбердегі кәсіби ортада қаржы-экономикалық қызметтердің әрекет етуін ұйымдастырумен байланысты бүгінгі таңдағы мәселелерді талқылай аласыз, сондай-ақ, қаржы-экономикалық қызметтен келетін қайтарымды арттыруға жағдай жасайтын бірқатар заманауи технологиялар мен құралдарды игересіз.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • Өз компанияңызды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыра аласыз және қаржыны, маркетингілік бастамаларды, адамдар мен үдерістерді басқару саласындағы басқарушылық міндеттерді шешуге жүйелі түрде кірісесіз;
  • Инвестициялық стратегияны жетілдірудің және іске асырудың, салық ауыртпалығын оңтайландырудың, тәуекелдерді басқарудың, қаржылық болжаудың және т.б. заманауи құралдарымен танысасыз;
  • Қаржы-экономикалық бөлімшелерді басқару мәселелері бойынша өз біліміңізді және тәжірибеңізді өз курстастарыңызбен және тәжірибешіл-сарапшылармен алмаса аласыз;
  • Тиімді қаржылық стратегияны жетілдіру және іске асыру құралдарын игересіз және оны сыртқы ортадағы өзгерістерге қарай бейімдеуді үйренесіз;
  • Инвесторлармен өзара қатынастарды құру машықтарын, қаржы-шаруашылық қызметті автоматтандыру жобасын басқару машықтарын меңгеріп аласыз;
  • Дипломдық жобамен жұмыс жасау барысында өз ұйымыңыздың қаржы-экономикалық бөлімшесін басқару жүйесін жетілдіре аласыз немесе оны іске асырудың қаржылық стратегиясы мен жүйесін әзірлей аласыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • Өзінің менеджерлік мансабын – заманауи компанияның қаржы-экономикалық бөлімшесін басқарумен байланыстыратын тұлғаларға;
  • Құзыретіне – фирманың қаржы-экономикалық бөлімшесінің қызметін жетілдіру жобаларын іске асыру кіретін, бастаушы басшыларға.

Оқудың ұзақтығы және оқу жоспары

«Экономика» мамандануындағы MBA Professional бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 18 модуль оқып зерттеледі.

Сабақ кестесі:

Сабақтың басталуы: 1 қараша 2012 жыл.

Оқу тәртіптемесі – әр апта сайын дүйсенбі және сәрсенбі күндері 18:30-дан 21:30-ға дейін, жұма күні 16:30-дан 21:30-ға дейін, сондай-ақ айына бір рет сенбі күні 10:00-ден 17:00-ге дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім (бакалавриат, маман немесе магистратура);
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдағаннан кейін түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом;
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы халықаралық диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Күндізгі оқу
1 400 000 тенге
(2 000 000 тенге)
2 000 000 тенге

Бір тыңдаушының толық оқу курсының құны көрсетілген, оқу барысында қосымша төлемдер жоқ.