Электрондық коммерция және интернет-маркетинг

Өткен ғасырдың 80-ші жылдарында бизнестің мүлдем жаңа түрі – интернет арқылы өзінің және өзгенің тауарлары мен қызметтерін сататын кәсіпорындар пайда болады деп ешкім ойламаған. Жаңа кәсіптер — әлеуметтік желілерде жылжыту жөніндегі менеджер, интернет-маркетолог, сондай-ақ желілік бизнес-әрекеттестіктің өзіндік ерекшелігімен байланысты бірқатар басқа да мамандықтар пайда болды. Екінші жағынан, білім және жалпы ақпараттандыру дәуірі сатып алушылық мінез-құлықтың өзгеруіне апарып соқтырды.

Білім беру бағдарламасының тағайындалуы мен мақсаты – электрондық сауда мен интернет-маркетингті ұйымдастырудың үздік құралдарын қолданудың есебінен Ресейдің экономикасын тиімді түрде жаңғыртуға және кәсіпорындарды инновациялық дамытуға іс жүзінде өз үлесін қосуға; едәуір тәуекелдер мен мүмкіншіліктерді тудыратын жаһанданудың үдеуі мен ақпараттық ортаның қарқынды дамуының күрделі жағдайларында бизнес-тапсырмаларды сәтті шешуге, заманауи интернет-технологиялардың әлеуетін пайдалану жолымен өз бөлімшелері мен ұйымдарын заманауи деңгейде тиімді дамытуға қабілетті, электрондық бизнесті басқару саласындағы біліктілігі жоғары басшылардың жаңа буынын даярлау болып табылады.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • Басқарудың ең үздік тәжірибелеріне сүйене отырып электрондық бизнесті немесе электрондық коммерция элементтері бар дәстүрлі бизнесті дамыту жөніндегі басқарушылық шешімдерді қабылдауға барынша жүйелі түрде кірісе аласыз;
  • Маркетингтің заманауи трендтерімен танысасыз;
  • Логистикалық жүйені және негізгі бизнес-үдерістерді оңтайландыра аласыз;
  • Басқарудағы жобалық және үдерістік тәсілдемелерді меңгересіз;
  • Виртуалдық және дәстүрлі командаларды басқарудың өзіндік ерекшеліктерімен танысасыз;
  • Дәстүрлі және халықаралық маркетинг, операциялық менеджмент және т.б. салалардағы ең үздік тәжірибені өз ұйымдарыңызда қолдану үшін бейімдей аласыз;
  • Электрондық коммерция және маркетинг саласындағы жобаларды іске асырып отырған өз курстастарыңыз бен компанияларды құру және басқару жөніндегі тәжірибешіл-сарапшылардың тәжірибесімен таныса аласыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • Жауапкершілік аймағына электрондық коммерция мен маркетинг саласындағы жобаларды іске асыру кіретін, әр-түрлі басқару деңгейіндегі басшыларға;
  • Бизнесті дамыту жөніндегі немесе стратегиялық басқару және маркетинг жөніндегі менеджерлер мен директорларға;
  • Консалтингілік жобалардың жетекшілеріне.

Оқудың ұзақтығы және оқу жоспары:

«Электрондық коммерция және интернет-маркетинг» мамандануындағы MBA Professional бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім (бакалавриат, маман немесе магистратура);
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдағаннан кейін түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом;
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы халықаралық диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
Демалыс күндік топта сырттай оқу
1 күндізгі сессиямен Мәскеуде және
1 күндізгі сессиямен шетелде
745 000 тенге
(1 095 000 тенге)
1 095 000 тенге
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге
1 245 000 тенге
(1 845 000 тенге)
1 845 000 тенге

Бір тыңдаушының толық оқу курсының құны көрсетілген, оқу барысында қосымша төлемдер жоқ.