МВА Сатулар және дистрибуция

Егер компания өз өнімін сатқысы келетін болса, бос ынтызарлық пен сауатты маркетингтің өзі жеткіліксіз болады. Қысқа мерзімде сатулардың белгілі бір көлемін қамтамасыз ете алатын sales-менеджмент қажет.

Егер сатулар саласындағы, сондай-ақ басшылық және басқару саласындағы білім кешені болмаса, онда бүгінгі таңда сатуларды басқару саласында табысқа қол жеткізу мүмкін емес. «Сатулар және дистрибуция» курсы – жалпы сатулар жүйесі мен саясатын барынша тиімді жолмен қалайша түзетуге болатынын білуге мүмкіндік береді. Тәжірибешіл-сарапшылардың көмегімен Сіз қызметкерлерді уәждеудің барынша оңтайлы әдістерін жетілдіресіз, сондай-ақ, клиентті сатып алуға итермелейтін факторларды оқып зерттейсіз.

Moscow Business School бағдарламаларының кез-келгенінің елеулі артықшылығы – олардың тәжірибеге бағытталуы, яғни, қол жеткізілген білімді жұмыс барысында жылдам қолдану мүмкіндігі болып табылады.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • сату бөлімінің бизнес-үдерістеріндегі жаңа беталыстармен танысасыз;
  • сату бөлімінің қызметкерлерін басқару және уәждеу технологияларын меңгересіз;
  • сатудың дұрыс жоспарларын жасауды және пайданы болжауды үйренесіз;
  • сату бөлімінің маркетинг бөлімімен және басқа бөлімшелермен тиімді коммуникациясын қалыптастыра аласыз;
  • сату стратегиясын жетілдіуді және енгізуді үйренесіз;
  • клиенттермен байланыс жүйесін барынша нәтижелі етіп қалайша қалыптастыруға болатынын білесіз;
  • дипломдық жобамен жұмыс жасау барысында өз компанияңыздағы сату жүйесін және дистрибуцияны жетілдіре аласыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • сату бөлімдерінің басшылары мен менеджерлеріне;
  • сату жөніндегі директорларға;
  • өткізу жөніндегі директорларға;
  • коммерциялық директорларға.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім (бакалавриат, маман немесе магистратура);
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдағаннан кейін түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом;
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы халықаралық диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Бір тыңдаушының толық оқу курсының құны көрсетілген, оқу барысында қосымша төлемдер жоқ.