Консалтинг

Көптеген басқарушылар мен жоғары дәрежелі мамандар сала-ішілік мансаптың дамуының шарықтау шегіне жеткен кезде, өздерінің міндеті – белгілі бір саланың немесе қызмет ету бағытының шегінен шыға отырып, жинаған білімі мен тәжірибесін бөлісу екенін, әр-түрлі кәсіпорындардағы басқару жүйелерінің дамуына көмектесу екенін түсінеді, яғни өздері үшін консалтингілік бизнеске өту мүмкіндігін қарастырады, я болмаса өздерінің консалтингілік компанияларын құрады, я болмаса өз корпорацияларында ішкі кеңесшілерге айналады. Алайда бүгінгі таңда ешбір оқу орны «кеңесші» немесе «консалтингілік жобаның жетекшісі» мамандығын алу мүмкіндігін ұсынбайды...

Кез-келген ұйымның қызметін жетілдіру жөніндегі маңызды ұсыныстар – бизнеске арналған жүйелік және жағдайлық тәсілдемеге негізделуі тиіс болғандықтан, біз Сізге кәсіби қызметтер саласындағы басқарудың өзіндік ерекшелігінің ескерілуімен, консалтингілік компаниялардағы негізгі бизнес-үдерістерді және консалтингілік жобаларды іске асырудың және қолдаудың үздік технологияларын/тәсілдемелерін талдаумен байланысты бірқатар арнайы курстарды қамтитын МВА бағдарламасын ұсынамыз.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • Өз жауапкершілігіңіздің аймағындағы басқарушылық және консалтингілік міндеттерді шешуге жүйелі түрде кірісе аласыз;
  • Жобаларды және жобалардың портфельдерін басқарудың заманауи әдістемелерімен танысасыз;
  • Өз курстастарыңызбен және консалтингілік жобалар мен білімді басқару саласындағы, дарындарды және мобильді командаларды басқару, қызметтер маркетингі және т.б. салалардағы тәжірибешіл-сарапшылармен өз біліміңіз бен тәжірибеңізді алмаса аласыз;
  • Тиімді коммуникациялық және бизнес-стратегияларды қалыптастыру және іске асыру құралдарын меңгересіз;
  • Бизнес үшін негізгі болып табылатын маркетинг, қаржы, адамдарды басқару, операциялық және стратегиялық басқару және т.б. секілді атқарымдық аймақтардың алдында тұрған басқарушылық міндеттерді шешуге жүйелі түрде кірісесіз;
  • Дипломдық жобамен жұмыс жасау барысында өз ұйымыңыздағы/бөлімшеңіздегі/жобаңыздағы басқару жүйесін жетілдіре аласыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • Өзінің басқарушылық мансабын – консалтингілік бизнесті және жобаларды іске асырумен байланыстыратын тұлғаларға;
  • Өз ұйымдарында ішкі кеңес беру институтын жоспарлап отырған, қалыптасып қойған басшыларға.

Оқудың ұзақтығы және оқу жоспары:

«Консалтинг» мамандануындағы MBA Professional бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім (бакалавриат, маман немесе магистратура);
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдағаннан кейін түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом;
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы халықаралық диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
Демалыс күндік топта сырттай оқу
1 күндізгі сессиямен Мәскеуде және
1 күндізгі сессиямен шетелде
745 000 тенге
(1 095 000 тенге)
1 095 000 тенге
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге
1 245 000 тенге
(1 845 000 тенге)
1 845 000 тенге

Бір тыңдаушының толық оқу курсының құны көрсетілген, оқу барысында қосымша төлемдер жоқ.