МВА Өзгерістерді басқару және білім менеджменті

Өзгерістерді басқару және білім менеджменті мамандануындағы МВА – жаңа жобаларды енгізу үшін және осындай өзгерістермен байланысты шығындарды бағалау үшін қажетті білімге қол жеткізудің ең үздік әдісі болып табылады.

Өзгерістерді басқару және білім менеджменті мамандануындағы МВА – стратегиялық дамуды, жобаларды басқаруды, ақпараттық технологиялардың пайдаланылуымен бизнес-үдерістерді оңтайландыруды, командалық менеджментті терең түсінуге мүмкіндік береді.

Өзгерістерді басқару және білім менеджменті мамандануындағы МВА бағдарламасының түлектері – компаниялар мен жобалардың жетекшісі, басқару жөніндегі кеңесші және т.б. лауазымдарға жұмысқа орналасу барысында қосымша артықшылықтарды иемденеді.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • ұйымдық өзгерістердің мәселелеріне арналған тәжірибелік тәсілдемелерді оқып зерттейсіз;
  • өзгертулерді жүзеге асыруға ұйымның дайындығын талдауға арналған білім мен машықтарға қол жеткізесіз;
  • өзгерістерді басқаруға арналған үдерістік тәсілдемені тыңғылықтайсыз;
  • өзгерістердің кедергісімен жұмыс жасауды үйренесіз;
  • корпоративтік мәдениет шеңберінде өзгерістерді басқару саласындағы білім мен машықтарға қол жеткізесіз;
  • өзгерістердің саясатын және идеологиясын қалыптастыруды үйренесіз;
  • жобаның маңызды қатысушыларын анықтай аласыз және командада жұмыс істеу қағидаттарына сүйене отырып олардың жобалардағы рөлін сауатты түрде бөле аласыз;
  • мерзімдері мен ресурстары бойынша жобаны сауатты түрде жоспарлайсыз және оңтайландырасыз;
  • жобаны қалай бақылау керектігін білесіз және оның іске асу барысын болжай аласыз;
  • тәуекелдер мен өзгерістерді қалай басқару керектігін білесіз;
  • жобаның командасын жылдам құра аласыз және оны сауатты түрде басқара аласыз;
  • басқарушылық команданың қалыптасу заңдары мен кезеңдері туралы білімге қол жеткізесіз;
  • командаларды қиыстыру және қайта қалыптастыру бойынша заманауи технологияларды оқып зерттейсіз;
  • қызметкерлерді белсенді әрекеттерге және жоғары деңгейдегі бастамашылдыққа ынталандыру жөніндегі қабілеттерді дамытасыз;
  • басқарудағы кадрлық және ұйымдық тәуекелдерді ескеруді үйренесіз;
  • басқарушылық командада кикілжің жағдаяттарын басқару машықтарына қол жеткізесіз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • компания иесіне және басшысына;
  • жобалардың менеджеріне немесе қатысушысына;
  • даму жөніндегі директорға, маркетинг және PR жөніндегі директорға;
  • қызметкерлер бөлімінің басшысына;
  • ұйымдық даму жөніндегі маманға.

Оқудың ұзақтығы

Өзгерістерді басқару және білім менеджменті мамандануында MBA бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі, оның шеңберінде сабақ күндізгі тәртіпте жүргізіледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім (бакалавриат, маман немесе магистратура);
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдағаннан кейін түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом;
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы халықаралық диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Бір тыңдаушының толық оқу курсының құны көрсетілген, оқу барысында қосымша төлемдер жоқ.