МВА Business Analysis & Business Intelligence

Жаһандық ауқымда өсіп отырған ақпараттың көлемі компанияларды бизнес-талдауға қаражат бөлуге, және соңғы кездерде – Business Intelligence тақырыбында деректерді зиятты талдауға мәжбүрлеп отыр.

Компанияларда бұл функцияны басқарушы-стратегтер, бизнес сәулетшілері, жүйелік талдаушылар орындап отыр. Құзыретті бизнес-талдаушы әр-түрлі салалардағы компаниялардың тиімді жұмысын арттыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл бағыттағы мамандар біршама жоғары бағалануда.

«Business Analysis & Business Intelligence» мамандануындағы МВА бағдарламасының түлектері үшін қол жетімді білім мен машықтар компанияның кез-келген бөлімшесінің жұмысын жылдам және тиімді оңтайландыруға, және осының есебінен шығындарды азайтуға және пайданы арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, деректерді бизнес- және зиятты талдау саласында білім және тәжірибе алған маман әрдайым еңбек нарығында сұранысқа ие болады.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • пайданы арттыру және шығынды қысқарту мақсатында компания жұмысының негізгі көрсеткіштерін жылдам және сапалы түрде талдауды үйренесіз;
  • күрделі, жүйелік және көпнұсқалық мәслелерді шешу барысында тиімді коммуникацияның аса күшті машықтарын игеріп аласыз;
  • бизнес-үдерістеріне жылдам және терең диагностика жасау жүйесін (тұрақты және жағдайлық), сондай-ақ оңтайландыру үшін қажетті машықтарды қалыптастырасыз;
  • Business Intelligence саласындағы заманау технологиялық атқарымдармен танысасыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • Орта және жоғары буындағы басшыларға;
  • Бизнес иелеріне;
  • Өзінің бизнесін немесе жобасын құруды және дамытуды жоспарлаған тұлғаларға;
  • Мансабын аса жоғары лауазымдарға дейін дамытуға дайындалған тұлғаларға.

Оқудың ұзақтығы

«Business Analysis & Business Intelligence» мамандануында MBA бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі, оның шеңберінде сабақ күндізгі тәртіпте жүргізіледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім (бакалавриат, маман немесе магистратура);
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдағаннан кейін түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом;
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы халықаралық диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Бір тыңдаушының толық оқу курсының құны көрсетілген, оқу барысында қосымша төлемдер жоқ.