Жарнама және PR

Ілгері жылжытудың сауатты саясаты – қарқынды түрде өзгеріп отыратын бизнес-ортадағы негізгі бәсекелік артықшылықтардың бірі болуы мүмкін екендігін XXI ғасырдың үздік серпінді бизнес-құрылымдары жақсы түсінеді. Міне сондықтан ілгері жылжытудың аса тиімді құралын таңдау және оның тиімділігіне мониторинг жасау — маркетингілік бөлімшелердің басшыларының ғана емес, сонымен қатар, CEO деңгейіндегі басшылардың да негізгі міндеті болып табылады, сондықтан да бөлімшелер бүгінгі таңда жекелеген ұйымдық бірліктерге және, керек десеңіз, еншілес құрылымдарға бөлінуде, ал олардың міндеті — өнім мен қызметтерді ілгері жылжытудың, бұқарамен байланысты басқарудың аса пәрменді құралдарын таңдау болып табылады.

Moscow Business School мектебі мен Moscow Technological Institute оқу орны Advertising&PR мамандануындағы MBA бағдарламасын ұсынады, оның мақсаты — жауапкершілігінің аймағына клиенттермен және өзге де мүдделі тұлғалармен (мемлекеттік құрылымдармен, әлеуетті және өзекті инвесторлармен және т.б.) тиімді маркетингілік коммуникацияларды қалыптастыру кіретін басшылардың басқарушылық құзыреттерін дамыту болып табылады.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • Өз жауапкершілігіңіздің аймағында басқарушылық шешімдерді қабылдауға барынша жүйелі түрде кірісе аласыз;
  • Озық трендтер мен интернеттің дамуын, тұтынушылардың мінез-құлқындағы өзгерістерді ескере отырып, маркетингілік коммуникациялар жүйесін жетілдіруге арналған жаңа тәсілдемелерді ой елегінен қайта өткізесіз және игересіз;
  • PR-стратегияларды жетілдіру және PR-тактикаларды таңдау машықтарын жетілдіресіз;
  • Жалпы маркетинг жүйесінің тиімділігін бағалауды үйренесіз, сондай-ақ, медиажоспарларды қалыптастыруды және бағалауды үйренесіз;
  • Өз компанияңызды ілгері жылжыту жүйесінің тиімділігін арттыра аласыз;
  • Барлық мүдделі тұлғаларды тарта отырып, PR- және GR-шараларды жоспарлаудың және іске асырудың жобалық тәсілдемелерін игересіз;
  • Жоғары кәсіби, креативті және тиімді команданы қалай қалыптастыру керектігін және қалай уәждеу керектігін білесіз;
  • Тауарлар мен қызметтерді ілгері жылжытудың тиімді жүйесін арттыру мәселелерін қандай да бір жолмен қозғайтын басқарушылық міндеттерді шешу бойынша сарапшылар мен өз әріптестеріңіздің тәжірибесімен таныса аласыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • PR және жарнама жөніндегі директорлар мен менеджерлерге;
  • Бренд-менеджерлерге;
  • Бұқарамен байланыс жөніндегі менеджерлерге;
  • Жарнама агенттіктері мен медиа-агенттіктердің басшыларына және бағыттардың жетекшілеріне.

Оқудың ұзақтығы және оқу жоспары

«Жарнама және PR» мамандануындағы MBA Professional бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім (бакалавриат, маман немесе магистратура);
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдағаннан кейін түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом;
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы халықаралық диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
745 000 тенге
(1 095 000 тенге)
1 095 000 тенге
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Бір тыңдаушының толық оқу курсының құны көрсетілген, оқу барысында қосымша төлемдер жоқ.