Ақпараттық технологиялар

XXI ғасырда табыс әкелетін стратегиялардың бірі — технологиялық көшбасшылық болып табылатындығы құпия емес. Үздік технологияларды пайдалана отырып жаңа бизнесті құру немесе компанияның дамуындағы жаңа мүмкіншіліктерді көру қабілеті — табысты менеджер мен кәсіпкердің маңызды құзыреттерінің бірі болып табылады. Әр жыл сайын ақпараттық технологиялар саласының қарқынды дамуының арқасында, бұрынғы жылдардың біліктілік анықтамалықтарында болмаған жаңа бизнес-құрылымдар, жаңа кәсіптер пайда болуда.

Бүгінгі таңда Сіз осы революциялық бағдарламаның көмегімен өзіңіздің басқарушылық ой-өрісіңізді кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар, бизнесте сан-алуан IT-шешімдер мен жобаларды таңдаудың және тиімді қолданудың, IT-қызметтерді көрсететін сыртқы провайдерлермен өзара әрекеттесудің, осындай ынтымақтастықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, сәулеттік шешімдер мен ақпараттық бизнес үлгілерінің өзін қалыптастырудың және басқа да тақырыптардың мәселеленамасына ене аласыз.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • Өз құзыретіңіздің аймағындағы басқарушылық міндеттерді шешуге жүйелі түрде кірісе аласыз;
  • IT және коммуникациялық технологиялар саласындағы ең заманауи шешімдермен танысасыз;
  • IT-саласындағы компанияларды және заманауи компаниялардың IT-бөлімшелерін басқарудағы тәжірибешіл-сарапшылардың және өз курстастарыңыздың тәжірибесімен таныса аласыз;
  • Жаңа IT-жобалар мен интернет-жобаларды дамытуға арналған тауашаларды іздеудің тиімді IT стратегияларын жетілдіру және іске асыру құралдарын игересіз;
  • Инфрақұрылымды иемденудің құнын бағалауды үйренесіз, ақпараттық жүйенің барынша оңтайлы сәулетін таңдаудың заманауи тәсілдемелерін зерттейсіз;
  • Дипломдық жобамен жұмыс жасау барысында IT-бөлімшедегі жобаларды басқару жүйесін жетілдіре аласыз немесе осы саладағы жаңа бизнес-жобаны тыңғылықтай аласыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • IT-қызметтерінің басшыларына;
  • Ақпараттық бизнес саласындағы компаниялардың иелеріне және менеджерлеріне.

Оқудың ұзақтығы және оқу жоспары

«Ақпараттық технологиялар» мамандануындағы MBA Professional бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім (бакалавриат, маман немесе магистратура);
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдағаннан кейін түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом;
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы халықаралық диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
Демалыс күндік топта сырттай оқу
1 күндізгі сессиямен Мәскеуде және
1 күндізгі сессиямен шетелде
745 000 тенге
(1 095 000 тенге)
1 095 000 тенге
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге
1 245 000 тенге
(1 845 000 тенге)
1 845 000 тенге

Бір тыңдаушының толық оқу курсының құны көрсетілген, оқу барысында қосымша төлемдер жоқ.