Жабдықтау және сатып алулар

Өндірістің экономикалық тиімділігі, өнімнің өзіндік құнын төмендету – сатып алу және жабдықтау қызметінің жұмысына да байланысты болады. Осы салада жұмыс істейтін мамандардың қызметі менеджмент, жоспарлау, компанияның стратегиялық дамуы салаларын қамтиды.

Moscow Business School ұсынған «Жабдықтау және сатып алулар» мамандануындағы МВА бағдарламасы жеткізушілермен тиімді түрде қатынасу машықтарын дамытуға бағытталған. Бағдарламалардың кез-келгенінің елеулі артықшылығы – оның тәжірибеге бағытталуы, яғни, қол жеткізілген білімді жылдам қолдану мүмкіндігі болып табылады.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • сатып алулар мен жабдықтау саласындағы кешенді және аса өзекті білімге қол жеткізесіз;
  • компанияның сатып алу қызметін жүйелей аласыз және оның тиімділігін арттыра аласыз;
  • бюджетті барынша оңтайлы жоспарлауды және ақша қаражаттарының шектеулі болуы жағдайында жұмыс істеуді үйренесіз;
  • жеткізушілермен жұмыс жасаудың заманауи түрлерін енгізесіз және оларды өз мүдделеріңізге сай дамыту әдестерін білесіз;
  • келіссөз жүргізу үдерістерін ретке келтіресіз және сәтті келіссөздердің пайызын ұлғайта аласыз;
  • босалқы қорлардың айналымдылығын және экономикалық тиімділігін арттыру машықтарына қол жеткізесіз;
  • жабдықтау және сатып алулар саласындағы тәжірибешіл-сарапшылармен өз біліміңіз бен тәжірибеңізді алмаса аласыз;
  • өз компанияңыздағы жабдықтау және сатып алулар жүйесін жетілдіре аласыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • жабдықтау мен сатып алулардың үдерістерін терең түсінуге талпынатын компаниялардың/бөлімшелердің/жобалардың жетекшілеріне;
  • жабдықтау мен сатып алулардың үдерістерін түбегейлі жаңа деңгейге шығаруды мақсат еткен бизнес иелеріне.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім (бакалавриат, маман немесе магистратура);
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдағаннан кейін түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом;
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы халықаралық диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Бір тыңдаушының толық оқу курсының құны көрсетілген, оқу барысында қосымша төлемдер жоқ.