MBA Корпоративтік басқару

Корпоративтік басқаруға арналған жүйелік тәсілдеме Ресейде 1990-шы жылдардың екінші жартысында дами бастады. Қазіргі уақытта бұл – бизнес-әкімшілеу саласындағы барынша инновациялық және қажет етілген бағдарламалардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда корпоративтік басқарудың теориясы мен тәжірибесін меңгеру – негізгі менеджерлік құзыреттердің біріне айналып отыр.

«Корпоративтік басқару» мамандануындағы МВА бағдарламасы — Moscow Business School ұсынған инновациялық бағдарлама, оны игеру – компанияны басқаруды жоғары әлемдік стандарттарға сәйкес деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның басым артықшылығы — оның тәжірибеге бағытталуы, яғни, қол жеткізілген білімнің жылдам қолданылуы болып табылады.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • компания қызметінің жүйелік және стратегиялық көрінісін қалыптастырасыз;
  • өз жауапкершілігіңіздің шегінде басқарушылық міндеттерді тиімді түрде шешуді үйренесіз;
  • корпоративтік басқарудың заманауи әдістерімен танысасыз;
  • корпоративтік басқару саласындағы тәжірибешіл-сарапшылармен біліміңізді және тәжірибеңізді алмаса аласыз;
  • тиімді корпоративтік бизнес-стратегияларды қалыптастыру және іске асыру құралдарын игересіз;
  • өз компанияңыздағы/бөлімшеңіздегі корпоративтік басқару жүйесін жетілдіре аласыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • бизнес-үдерістер мен басқарушылық қызметті терең түсінуге талпынатын компаниялардың/бөлімшелердің/жобалардың жетекшілеріне;
  • өз компаниясындағы басқарушылық үдерістерді түбегейлі жоғары деңгейге шығаруды мақсат еткен бизнес иелеріне.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім (бакалавриат, маман немесе магистратура);
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдағаннан кейін түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом;
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы халықаралық диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
745 000 тенге
(1 095 000 тенге)
1 095 000 тенге

Бір тыңдаушының толық оқу курсының құны көрсетілген, оқу барысында қосымша төлемдер жоқ.