MBA Professional

MBA Professional — кәсіби салалардың біріндегі мамандану бойынша «Іскерлік әкімшілеу шебері – Master of Business Administration МВА» бағдарламаларының тізбегі болып табылады. Оқу жоспарының әрбір пәні бизнесті басқарудың белгілі бір аспектісіне арналған: өзгерістерді басқару, қызметкерлерді басқару, қаржыны басқару, инновациялық менеджмент, жобаларды басқару және т.б.

МВА Professional бағдарламалары құрылымдық бөлімшелердің басшыларын оқыту үшін жетілдірілген, бірақ әрі қарай мансаптық өсуді жоспарлайтын осы салалардағы жетекші мамандар үшін, сондай-ақ, бизнес-үдерістерді жүзеге асырудың белгілі бір саласында өз танымын кеңейтуді қалайтын барлық басшылар мен кәсіпкерлер үшін қолайлы болып табылады.

MBA Professional келесі салаларда мамандану мүмкіндігі бар оқу бағдарламаларын қамтиды:

Оқу қалай өтеді?

Бағдарлама бойынша оқытуды – басқарушылық жұмыс өтілі бар, өз білімімен және тәжірибесімен бөлісуге дайын тұрған тәжірибешіл-оқытушылар жүргізеді.
Оқу барысында Сіз Қашықтан Оқу Жүйесіне қол жеткізесіз, мұнда Сіз электрондық авторлық материалдарды пайдалана аласыз, вебинарларға (он-лайн семинарларға) қатыса аласыз, өз курстастарыңызбен және басқа ағындардың тыңдаушыларымен өзекті басқарушылық міндеттерді талқылай аласыз.

MBA Professional артықшылықтары:

  • Өзіңізді қызықтыратын мамандануды таңдау мүмкіндігі;
  • Тәжірибешіл-оқытушылармен өзара әрекеттесу мүмкіндігі;
  • MBA Professional бағдарламаларының әрбір студенті 5000-нан астам бизнес өкілдерінен тұратын кәсіби әлеуметтік желінің қатысушысы болады;
  • Оқылып отырған әрбір пән бойынша және бітіру барысындағы біліктілік жұмыстарын орындау мәселелері бойынша студенттерге жеке кеңес беру;
  • Тұрақты түрде өткізілетін бейнеконференциялар мен вебинарлардың барысында жетекші тәжірибешіл-мамандармен online-тәртіптемеде тілдесу;
  • Ресейдің және ТМД елдерінің әр-түрлі қалаларындағы келешек әріптестермен іскерлік байланыстарды түзу мүмкіндігі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім (бакалавриат, маман немесе магистратура);
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдағаннан кейін түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом;
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы халықаралық диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Күндізгі оқу ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
Демалыс күндік топта сырттай оқу
1 күндізгі сессиямен Мәскеуде және
1 күндізгі сессиямен шетелде
1 400 000 тенге
(2 000 000 тенге)
2 000 000 тенге
745 000 тенге
(1 095 000 тенге)
1 095 000 тенге
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге
1 245 000 руб.
(1 845 000 руб.)
1 845 000 руб.

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.