MBA Көлік саласы

Көлік саласы бойынша МВА бағдарламасы – көлік және логистика саласындағы бизнес-міндеттерді сәтті шешу үшін қажетті жалпы дайындықпен үйлестірілген шаруашылық қызметтің осы саласының маркетингі мен менеджментінің заманауи құралдарын оқып зерттеуді қамтиды. Moscow Business School ұсынған оқудың елеулі артықшылығы — тәжірибеге бағдарланушылық, яғни, қол жеткізілген білімді тәжірибе жүзінде жылдам қолдану мүмкіндігі болып табылады.

Оқу үдерісі шеңберінде тыңдаушылар тауарларды әр-түрлі көлік түрлерімен жеткізуді ұйымдастыру саласындағы білім мен машықтарға қол жеткізеді, жүк тасымалдау үдерісін оңтайландырудың негізгі технологияларын меңгереді, көлік заңнамасының және мемлекеттік тарифтік саясаттың негізгі ережелерін оқып зерттейді, осы үдерісті басқарудың инновациялық әдістерін енгізудің, реттеу мен құжат айналымының әдістерін білесіз.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • көлік логистикасын оқып зерттейсіз;
  • көлік-логистикалық шығындарды қалайша барынша азайтуды білесіз;
  • көлік нысандарының қаржылық қызметін жоспарлау және оларды бюджеттеу бойынша кәсіби ұсыныстарға қол жеткізесіз;
  • компания қызметінің көлік саласының қаржылық келешегін бағалаудың және логистикалық стратегияны қалыптастырудың объективті әдістерін меңгересіз;
  • көліктегі қызметті басқарушылық талдауды оқып зерттейсіз;
  • дипломдық жобамен жұмыс жасау барысында компаниядағы логистикалық үдерістерді жетілдіре аласыз және оңтайландыра аласыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • көлік секторындағы компаниялардың иелеріне;
  • логистикалық қызметтер мен бөлімдердің басшыларына;
  • менеджерлерге, заңгерлерге, көлік тасымалын жүзеге асырумен байланысты басқа қызметкерлерге.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім;
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

Салалық MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом.
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы UNESCО логотипі бар диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.