Туризмдегі МВА

Бүгінгі таңда туризм индустриясында салалық беталыстарды білетін және түсінетін, сондай-ақ, кәсіби басқарушының білімін, ептілігін және машықтарын меңгерген кәсіби басқарушылар қажет.

Туризм саласындағы МВА бағдарламасы тыңдаушыларға – туристік бизнестің жарнамалық стратегиясы қандай болуы керектігін және туристік компанияны сауатты жылжыту үшін қандай құралдардың оңтайлы болатынын түсінуді үйретеді.

Туризм саласындағы МВА — саяхат пен елдердің арасындағы жаһандық байланыстар саласындағы мансапты қалыптастыруды жоспарлаған тұлғалар үшін керемет таңдау болып табылады.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • Компанияның кірістері мен тәуекелдерін басқаруды үйренесіз;
  • Басқарудың, функцияларды бөліп берудің, тиімділік көрсеткіштерін анықтаудың жұмыс істейтін құрылымын қалыптасыра аласыз;
  • Жұмыскерлерді уәждеудің оңтайлы жүйесін құрасыз;
  • Жылжытудың арнайы нысандары мен әдістерін меңгересіз;
  • Жарнамалық және маркетингілік іс-шараоардың сапасын бағалауды үйренесіз;
  • Жарнама бюджетін оңтайландыра аласыз;
  • Туристік қызметті құқықтық реттеу саласындағы білім мен машықтарға қол жеткізесіз;
  • Туристік агенттіктің құжат айналымын ұйымдастыруды үйренесіз;
  • Өз жұмысыңызда заманауи ақпараттық және интернет-технологияларын қолдана аласыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • Туристік агенттік иелеріне немесе басшыларына;
  • Қызметі туристік саламен байланысты компанияның орта және жоғары буындағы менеджерлеріне;
  • Туристік индустрия саласында өз бизнесін ашуды жоспарлаған тұлғаларға.

Оқудың ұзақтығы

Туризм саласындағы МВА бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі, оның шеңберінде сабақ күндізгі тәртіптемеде өткізіледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім;
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

Салалық MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом.
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы UNESCО логотипі бар диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.