Қызмет көрсету саласындағы МBA

Қызмет көрсету саласы — қалалардың және кез-келген үлкен елді мекендердің тіршілігіндегі негізгі салалардың бірі болып табылады. Жоғары бәсекелестік пен клиенттердің ұдайы өсіп отырған талаптары басқарушылық қызметкерлерді ұдайы өзін жетілдіріп отыруға міндеттейді.

Қызмет көрсету саласындағы MBA бағдарламасы қызмет көрсету саласындағы әр-түрлі жүйелердің жұмыс жасауы және оларды басқару бойынша өзекті білімді береді, сондай-ақ, өзіндік құнын төмендетудің, ақшалай түсімді ұлғайтудың, клиенттердің жылы шырайлылығын арттырудың жаңа тәсілдемелерін жетілдіруге көмектеседі.

Бағдарламаның басты мақсаты – менеджерлердің кәсіби машықтарын дамыту, яғни, тиісінше, бизнесті басқару сапасын жақсарту болып табылады. Бағдарлама компанияларды, басқару және талдау жүйелерін, сыртқы жағдайлардың өзгеруіне қарай әрекетін терең оқып зерттеуге бағытталған.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • қызмет көрсету саласын басқару жүйесін жетілдірудің және пайдаланудың халықаралық тәжірибесі саласындағы білімге қол жеткізесіз;
  • басқарушылық машықтарды және мінез-құлыққа әсер ету машықтарын тыңғылықтайсыз;
  • қызмет көрсету саласындағы компаниялардың тұрақты жұмысын ұйымдастырудың инновациялық тәсілдемелерін меңгересіз;
  • қоғамдық пікірді анықтауға бағытталған саяси және медиа-барлау машықтарын тыңғылықтайсыз;
  • компанияның бәсекелік артықшылықтарын анықтауды және тәжірибе жүзінде іске асыруды үйренесіз;
  • бизнесті басқарудың аса ықпалды әдістері мен технологияларын меңгересіз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • бизнес иелеріне;
  • жоғары және орта буындағы басшыларға;
  • қызмет көрсету саласындағы компаниялардың менеджерлері мен мамандарына.

Оқудың ұзақтығы

Қызмет көрсету саласындағы МВА бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі, оның шеңберінде сабақ күндізгі тәртіптемеде өткізіледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім;
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

Салалық MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом.
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы UNESCО логотипі бар диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.