Қайталама шикізатты өңдеудегі МВА

Қайталама шикізатты өңдеу — Европа мен Солтүстік Американың жетекші елдерінің экономикасындағы белсенді түрде дамып отырған сала болып табылады.

Қайталама өнімді өңдеу – қазіргі уақытта белсенді түрде дамып отырған «Green Economy» («Жасыл экономика») идеясына – табиғатты сарқытпай пайдалану және экономикада пайдаланылып отырған табиғи ресурстарды арттыру идеясына байланысты үлкен маңызға ие болып отыр.

Қайталама шикізатты өңдеудегі МВА бағдарламасы отандық экономикада шағын тауашаны иемденетін, бірақ жетекші елдердің экономикаларында белсенді түрде және сәтті жетілдіріліп отырған саланы дамытатын мамандарды даярлауға бағытталған.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы әлемнің жетекші елдерінің тәжірибесімен танысасыз;
  • компания қызметінің тиімділігін арттыруға көмектесетін заманауи технологияларды оқып зерттейсіз;
  • қайталама шикізатты қайта өңдеу саласындағы өзіңіздің басқарушылық машықтарыңызды арттырасыз;
  • қалдықтарды қайта өңдеудің технологиялық циклдерін ұйымдастыру саласындағы білімге қол жеткізесіз;
  • Қаржы ресурстарын және басқа да ресурс түрлерін тиімді пайдалануды үйренесіз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • компания қызметінің тиімділігін арттыруға талпынатын басшыларға;
  • компанияның әр-түрлі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына;
  • қалдықтарды қайта өңдеу, қайталама шикізатты өңдеу саласында жұмыс істейтін менеджерлер мен мамандарға.

Оқудың ұзақтығы

Қайталама шикізатты қайта өңдеудегі МВА бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі, оның шеңберінде сабақ күндізгі тәртіптемеде өткізіледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім;
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

Салалық MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом.
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы UNESCО логотипі бар диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.