Баспа және полиграфия бизнесіндегі МВА

Баспа бизнесі бүгінгі таңда — мамандар мен басшылардың кәсіби даярлығының деңгейіне және пікірлестер командасын құру мүмкіншілігі мен қабілетіне тәуелді, жоғары деңгейдегі бәсекелік ортада серпінді дамып отырған сала болып табылады.

Полиграфия жүйесінің дамуы, сонымен қатар, әсіресе электрондық БАҚ және электрондық тасымалдаушылардың дамуы жағдайында, сауатты басқарушылық шешімдерге байланысты.

Баспа және полиграфиялық бизнес саласындағы МВА бағдарламасының түлектері – саладағы жобаны дамыту немесе кірісті арттыру қажет болған жағдайда, сондай-ақ, жарнама және жұртшылықпен байланыс саласындағы басқарушы, бас редактор қызметтеріне жұмысқа орналасу барысында қосымша артықшылықты иемденеді.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • баспа бизнесі саласындағы қызметтің қаржы-экономикалық, ақпараттық-шығармашылық, жарнамалық-ақпараттық, мәдени-ағартушылық түрлерін меңгересіз;
  • БАҚ саласындағы басқару машықтарына қол жеткізесіз;
  • кітап ісіндегі сатуларды басқаруды үйренесіз;
  • баспа бизнесіндегі этикалық және құқықтық мәселелерді кәсіби тұрғыда шешуді, экономикалық және әлеуметтік-саяси жобаларды жетілдіруді үйренесіз;
  • кітап бизнесіндегі логистика машықтарын меңгересіз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • аудандық, округтық, қалалық, облыстық газеттер мен журналдардың қызметкерлеріне;
  • полиграфия жөніндегі мамандарға;
  • аудандық басқармалардың, префектуралардың және Мәскеу Үкіметінің басқарушылық буындарының мамандарына;
  • жұртшылықпен байланыс саласындағы мамандарға;
  • баспалардың жарнама және маркетинг бөлімдерінің қызметкерлеріне;
  • редакторларға;
  • рецензиялаушыларға.

Оқудың ұзақтығы

Баспа және полиграфия бизнесіндегі МВА бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі, оның шеңберінде сабақ күндізгі тәртіптемеде өткізіледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім;
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

Салалық MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом.
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы UNESCО логотипі бар диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.