Медициналық бұйымдар мен препараттар өндірісіндегі МВА

Медициналық бұйымдар мен препараттар өндірісіндегі МВА — медициналық және фармацевтикалық нарықтардың бірнеше сегментін бір уақытта игеруге мүмкіндік беретін бағдарлама болып табылады.

Бұл бағдарлама – бәсекелесу қабілетін, инвестициялық тартымдылықты және ішкі уәждемені арттыруға көмектесетін бизнес-үдерістерді жобалау машықтарын тыңғылықтауды қамтиды.

Медициналық бұйымдар мен препараттар өндірісіндегі МВА студенттерге іскерлік әлем мен қаржы әлемін терең түсінуге мүмкіндік береді: студенттер тәуекелдерді басқаруды, қаржылық талдауды, өндірістің ерекшеліктерін және көптеген басқа нәрселерді оқып зерттейді.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • медициналық және фармацевтикалық профильдегі компанияны басқарудың тәжірибелік құралдарын меңгересіз;
  • өзгермелі жағдайда шешім қабыладу және дағдарыстық басқару машықтарын тыңғылықтайсыз;
  • стратегиялық менеджмент және компания менеджменті саласындағы басқарушылық біліктілікті арттырасыз;
  • әмбебап басқарушылық құзыреттерге қол жеткізесіз;
  • денсаулық сақтау және фармацевтика жүйесіндегі мекемені басқару үшін қажетті заманауи білім мен машықтардың толық кешеніне қол жеткізесіз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • медициналық және фармацевтикалық бизнесте жұмыс жасайтын компаниялардың басшыларына;
  • компаниялардың әр-түрлі қызметтері мен бөлімшелерінің басшыларына, олардың кеңселік және желілік бөлімшелерінің мамандарына;
  • өндірісті басқарудағы өз машықтарын жетілдіруге талпынатын тұлғаларға.

Оқудың ұзақтығы

Медициналық бұйымдар мен препараттарды өндіру саласындағы МВА бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі, оның шеңберінде сабақ күндізгі тәртіптемеде өткізіледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім;
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

Салалық MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом.
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы UNESCО логотипі бар диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.