Мұнай өнімдерін өңдеудегі МВА

Мұнай өнімдерін өңдеу саласы — еліміздің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін аса қажетті салалардың бірі — сауатты мамандарға деген қажеттілікті ұдайы сезінуде.

Мұнай өнімдерін өңдеу саласындағы MBA бағдарламасы кез-келген басқарушыға қажетті білім мен машықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. МВА бағдарламасының түлектері мұнай өнімдерін өңдеумен байланысты компаниялардағы басқару қызеттеріне, сондай-ақ, келешекте мансабын қалыптастыруға талпынатын мамандардың қызметіне жұмысқа орналасу барысында қосымша артықшылықтарды иемденеді.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • мұнай өнімдерін өңдеу саласындағы жобаларды басқару негіздерін оқып зерттейсіз;
  • сатып алуларды басқаруда және жеткізілімдер тізбегін оңтайландыруда қажетті білім мен машықтарға қол жеткізесіз;
  • мұнай өңдеу саласындағы логистикалық менеджмент туралы толық хабардарлыққа қол жеткізесіз;
  • логистиканың көлікпен қамтамасыз ету негіздерін оқып зерттейсіз;
  • халықаралық жүк тасымалдау бойынша тәжірибелік ұсыныстарға қол жеткізесіз;
  • сырқы экономикалық қызмет (ВЭД) құралдарын оқып зерттейсіз;
  • мұнай өңдеу саласының экономикасының негіздерін игересіз, сондай-ақ, мұнай өңдеу саласының инвестициялық нарығын оңтайландыруды меңгересіз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • Мұнай өнімдерін өңдеу саласындағы компаниялардың иелеріне;
  • Мұнай өңдеу компаниясының бухгалтерлеріне;
  • Мұнай өңдеу компаниясының салық бөлімінің мамандарына;
  • Мұнай өңдеу компаниясының заңгерлік қызметінің басшыларына;
  • Мұнай өңдеу секторындағы компания басшыларына;
  • Мұнай өңдеу секторындағы атқарымдық бөлімше басшыларына;
  • Мұнай өңдеу саласындағы жобалардың менеджерлеріне.

Оқудың ұзақтығы

Мұнай өнімдерін өңдеу саласындағы МВА бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі, оның шеңберінде сабақ күндізгі тәртіптемеде өткізіледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім;
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

Салалық MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом.
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы UNESCО логотипі бар диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.