Мұнай-газ секторындағы МВА

Мұнай-газ секторындағы МВА — мұнай-газ секторында мансабын қалыптастыруды жоспарлаған тұлғалар үшін керемет таңдау болып табылады.

Мұнай-газ секторындағы МВА бағдарламасы студенттерге мұнай-газ секторының өзіне тән әр-түрлі ерекшеліктерін, соның ішінде, көмірсутек өндіру саласындағы салық есептеуді, саланың өзіндік спецификасын, мұнай-газ саласындағы салық салуды, техникалық жобаларды дайындау, келісу және бекіту тәртібін, сондай-ақ өзгертулер енгізу рәсімдерін терең түсінуді үйретеді.

МВА бағдарламасының түлектері мұнай-газ компаниясының бухгалтері, салық бөлімінің маманы, заңгерлік бөлімнің бастығы, жер қойнауын игеру немесе пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі кәсіпорын маманы, мұнай-газ секторындағы компания басшысы қызметіне жұмысқа орналасу барысында қосымша артықшылықтарды иемденеді.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • Мұнай-газ саласындағы арнаулы білім мен машықтарға қол жеткізесіз;
  • Салық тәуекелдері туралы, сондай-ақ, оларды жою және барынша азайту әдістері туралы толық хабардар боласыз;
  • Портфельдің, бағдарламаның және жобаның өмірлік циклдерінің ерекшеліктерін оқып зерттейсіз;
  • Жер қойнауын пайдаланушылардың мүдделерін ескере отырып және заңнамаға сәйкес техникалық жобаларды жетілдіру, келісу және бекіту жөніндегі тәжірибелік ұсыныстарға қол жеткізесіз;
  • Көмірсутек өндіру жөніндегі қызметке салық салуды реттеудің құқықтық нормаларын оқып зерттейсіз;
  • Федералдық маңызы бар жер қойнауының жер телімін пайдалану құқығын берудің ерекшеліктерін білесіз;
  • Жер қойнауын пайдалануға арналған техникалық жобаларды өкілетті мемлекеттік органдармен келісу рәсімдерін, әрекет ету тәртібін қарастырасыз;
  • Мұнай-газ саласындағы жобаларды басқару үдерістерімен танысасыз;
  • Ірі жобаларды іске асыру барысында туындайтын типтік мәселелерді және оларды шешу жолдарын қарастырасыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • Мұнай-газ саласының бухгалтерлеріне;
  • Мұнай-газ компаниясының салық бөлімінің мамандарына;
  • Кен өндіретін компанияның заңгерлік қызметінің басшыларына;
  • Жер қойнауын игеру немесе пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі кәсіпорын мамандарына;
  • Мұнай-газ секторындағы компания басшыларына;
  • Мұнай-газ секторының атқарымдық бөлімшесінің басшыларына;
  • Мұнай-газ секторындағы жобалардың менеджерлеріне.

Оқудың ұзақтығы

Мұнай-газ саласындағы МВА бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі, оның шеңберінде сабақ күндізгі тәртіптемеде өткізіледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім;
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

Салалық MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом.
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы UNESCО логотипі бар диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.