Master of Public Administration (MPA)

Moscow Technological Institute ұсынған Master of Public Administration бағдарламасы мемлекеттік және муниципалдық билік органдарындағы қызметкерлердің, сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесетін бизнес-құрылымдардың мамандарының басқару машықтарын дамытуға арналған.

Білім беру үдерісі материалдардың үлкен көлемін қашықтан оқып зерттеуді көздейді, ал бұл – негізгі қызметтен қол үзбеуге мүмкіндік береді. Оқудың тиімділігі форумдық кеңістіктегі пікірсайыстық семинарларды, вебинарларды, бейнедәрістерді пайдаланудың есебінен артады. Студенттер өздерін қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша тәжірибешіл-оқытушылармен және тьюторлармен кеңесу мүмкіндігін әрдайым иемдене алады.

Бағдарлама заманауи басқарушыға қажетті тәжірибелік машықтарды қалыптастыруға бағытталған. Тыңдаушылар мемлекеттік және муниципалдық басқарудың заңгерлік мәселелерінің заманауи теориясы мен тәжірибесін, сондай-ақ экономикалық (атап айтқанда, шаруашылық) сұрақтарды меңгере алады. МРА бағдарламасы – билік құрылымдарындағы нақты жұмыс өтілі бар, сондай-ақ, мемлекеттік сектормен контрагент ретінде әрекеттесу тәжірибесі бар сарапшылардың қатысуымен жетілдірілген.

MPA бағдарламасы бойынша оқу Сізге мемлекеттік сектордағы басқару машықтарын дамытуға, бизнес пен билік құрылымдарының өзара тиімді әрекеттесуі техникасын меңгеруге мүмкіндік береді.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • Мемлекеттік және муниципалдық басқарудың заманауи жүйесінде тиімді жұмыс істеу бойынша білім мен машықтарға қол жеткізесіз;
  • Мәселелі жағдайға жылдам және сапалы талдау жүргізуді және оңтайлы шешім табуды үйренесіз;
  • Төтенше жағдайларға қарсы оперативті және тиімді түрде әрекет жасай аласыз;
  • Moscow Technological Institute оқу орнының тәжірибешілдерімен бірлесе отырып диплом жұмысы шеңберінде кәсіби қызметтің жағдайлары мен нәтижелерін жақсартудың нақты жобасын тыңғылықтау мүмкіндігіне қол жеткізесіз;
  • Қол жеткізілген білімнің негізінде, билік пен бизнестің өзара әрекеттесуінің жеке Сіз үшін аса тиімді әдістерін жетілдіресіз;
  • Мемлекеттік және муниципалдық қызметте стратегиялық ойлаудың жиегін кеңейтесіз;
  • Бизнес өкілдерін тарту мүмкіндігімен, мемлекеттік құрылымдардың кәсіпқойларының барынша табысты командалық жұмыс істеу машықтарына қол жеткізесіз;
  • Студенттердің, оқытушылардың және бағдарлама тьюторларының арасынан жаңа пікірлестер мен әріптестерді табасыз;
  • Мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарға арналған жаңа жобаларды жасау үшін және мансаптық сатымен жоғарылау үшін жаңа білімге қол жеткізесіз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • Мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың басшыларына және басшылардың орынбасарларына;
  • Мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың басшыларының қызметінде орнын басуға арналған кадр резервіне енгізілген кәсіпқойларға;
  • Мемлекеттік сектордың кәсіпорындарындағы орта және жоғары буындағы басшыларға;
  • Ресейлік және жаһандық компаниялардың GR-менеджерлеріне;
  • Мемлекеттік және муниципалдық билік органдарымен белсенді жұмыс жасайтын компания менеджерлеріне.

Оқудың ұзақтығы

«Master of Public Administration (MPA)» бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім;
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық – мемлекеттік және (немесе) муниципалдық қызметте, мемлекеттік сектордың кәсіпорындарында немесе әлеуметтік департаменттерде және жұртшылықпен байланыс жөніндегі, мемлекеттік мекемелермен байланыс жөніндегі қызметтерде бизнес-құрылымдарда және коммерциялық емес ұйымдарда.

Оқудың түрлері және құны:

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.

Диплом

MBA Professional бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек «Мемлекеттік және муниципалдық басқару жөніндегі маман — Master of Public Administration (MPA)» қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын, (жоғары білімге) қосымша білім туралы диплом алады.