БАҚ саласындағы МВА

Бүгінгі таңда медиа саласында жұмыс істейтін мамандар барлық технологиялық және ақпараттық мәліметтерді біліп қана қоймай, сонымен қатар, белгілі бір бұқаралық ақпарат құралын әрі қарай дамыту стратегиясын қалыптастыруы тиіс. БАҚ саласындағы МВА бағдарламасы экономикалық білімді – заманауи медиабизнестің жоғары стандарттарына сәйкес келетін, Media Relations саласында жинақталған арнаулы біліммен және машықтармен керемет үйлестіреді.

Бұл бағдарлама – жұртшылықпен байланыс саласында, жарнамада, маркетинг пен коммуникацияларда жетекші позицияларды иемденуді қалайтын үміткерлерге арналған негіздемені қалыптастырады. БАҚ саласындағы МВА бағдарламасы ұйымдастырушылық коммуникациялар және ақпаратты жеткізу саласындағы машықтарды меңгеруге негізделген, сондай-ақ, әр-түрлі әлеуметтік және саяси жағдайларда сенімді түрде сөз сөйлеуге және сендіруге арналған берік іргетасты қалауға негізделген.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • ақпараттық-коммуникациялық қызмет нарығының өзгермелі жағдайларында ынтагерлік, икемділік және белсенділік танытуды үйренесіз;
  • ақпараттық саладағы өндірісте басқарушылық лауазымда орын баса аласыз;
  • баспа БАҚ редакцияларында редактордың, жауапты хатшының жұмысының спецификасын оқып зерттейсіз;
  • басшының, бағдарламалар редакторының, электрондық БАҚ продюсерінің машықтарын арттырасыз;
  • баспаны және типографияны басқарудағы тәжірибеге қол жеткізесіз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • Бұқаралық ақпарат құралдарының иелеріне және БАҚ иесі болғысы келетіндерге;
  • Ірі бұқаралық ақпарат құралдарының, медиахолдингтердің бөлімшелерінің орта және жоғары буындағы басшыларына;
  • Бұқаралық ақпарат құралдарымен белсенді әрекеттесетін компаниялардың орта және жоғары буындағы менеджерлеріне, иелеріне;
  • Өзінің БАҚ басқару машықтарын жақсартуға талпынатын тұлғаларға.

Оқудың ұзақтығы

БАҚ саласындағы МВА бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі, оның шеңберінде сабақ күндізгі тәртіптемеде өткізіледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім;
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

Салалық MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом.
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы UNESCО логотипі бар диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.