MBA Көтерме сауда

Заманауи көтерме сауда компаниясының сәтті дамуы көбінесе кәсіпорынның келешектегі қаржы жағдайын және оның сыртқы ортаға тәуелділігін, сондай-ақ, активтердің болжалды құрылымын және оларды қаржыландыру көздерін анықтау қабілетіне байланысты болады.

«Көтерме сауда» саласындағы МВА бағдарламасы көтерме сауда сатылымдарының тиімділігін арттыруға арналған барлық қажетті білім мен машықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • аймақтық нарықтардың сыйымдылығын бағалауды және кіруге арналған оңтайлы сұрыпталымдық ұсыныстарды қалыптастыруды үйренесіз;
  • жаңа клиенттерді іздеу машықтарын тыңғылықтайсыз;
  • қолда бар клиенттік база бойынша сатуларды қалайша арттыру керектігін білесіз;
  • дебиторлық берешектің деңгейін төмендету әдістерін меңгересіз;
  • сату бөлімінің бизнес-үдерістеріндегі жаңа беталыстармен танысасыз;
  • сату бөлімінің қызметкерлерін қалай сауатты басқаруды және уәждеудің оңтйлы сұлбаларын пайдалануды білесіз;
  • сатулардың дұрыс жоспарларын жасауды және кірісті болжауды үйренесіз;
  • дипломдық жобамен жұмыс жасау барысында компаниядағы көтерме сауда жүйесін жетілдіре аласыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • көтерме сауда компанияларының басшыларына және иелеріне;
  • көтерме саудамен сату бөлімінің басшылары мен менеджерлеріне;
  • сату және өткізу жөніндегі директорларға.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім;
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

Салалық MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом.
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы UNESCО логотипі бар диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.