Жылжымайтын мүліктегі МВА

Жылжымайтын мүлік саласы жұмыс жасау және инвестициялау үшін аса пайдалы, тұрақты, тартымды салалардың бірі болып табылады. Тәуекел факторларының бизнеске тигізетін әсерін төмендету үшін, басқару сапасын ұдайы арттырып отыру қажет.

Moscow Business School ұсынған МВА бағдарламасының шеңберінде Сіз ұдайы дамып отырған нарықта жоғары нәтижелілікке тұрақты түрде қол жеткізуге мүмкіндік беретін, компанияны басқарудың әкімшілік, маркетингілік және қаржылық технологиялары саласындағы білімге қол жеткізесіз.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • негізгі қаржы есептерін талдауды үйренесіз;
  • жылжымайтын мүлік агенттігінің қаржылық тұрақтылығына және пайдалылығына қол жеткізуге арналған қаржы тұтқаларын оқып зерттейсіз;
  • бәсекелік артықшылықтарды қалыптастыру, жылжымайтын мүлік агенттігін жайғастыру және жылжыту жөніндегі ұсыныстарға қол жеткізесіз;
  • үздік агенттіктерді қалайша таңдауды, оқытуды және ұстап қалуды білесіз;
  • жобалаудан бастап пайдалануға дейін, жылжымайтын мүлік нысандарын дамыту үдерісін қарастырасыз;
  • бизнес-үдерістерді оңтайландыруды үйренесіз;
  • мақсатты аудиторияның жылжымайтын мүлікті таңдаудағы негізгі критерийлерін білесіз;
  • тұрақты кіріп тұратын ақша ағынын қамтамасыз ете аласыз;
  • жылжымайтын мүлік нарығының мақсатты аудиториясымен өзара әрекеттесу механизмдерін оқып зерттейсіз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • жылжымайтын мүлік агенттігнің басшысына немесе иесіне;
  • кеңсенің немесе қосымша кеңсенің директорына;
  • риэлторлық компанияның бөлім басшысына;
  • жылжымайтын мүлік саласында жұмыс істейтін компанияның иесіне;
  • тұрғын үй немесе коммерциялық жылжымайтын мүліктің иесіне;
  • кәсіпорынның жылжымайтын мүлкін басқару және пайдалану ісіне жауап беретін кәсіпорын маманына немесе басшысына;
  • басқарушы немесе пайдаланушы компанияның маманына немесе басшысына;
  • тұрғын үй иелері серіктестігінің (ТСЖ), тұрғын үй-құрылыс кооперативінің (ЖСК) және жылжымайтын мүлік иелері құрған басқа да бірлестіктердің төрағасына.

Оқудың ұзақтығы

Жылжымайтын мүлік саласындағы МВА бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі, оның шеңберінде сабақ күндізгі тәртіптемеде өткізіледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім;
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

Салалық MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом.
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы UNESCО логотипі бар диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.