Кәсіпкерліктегі МВА

Елімінздің экономикасының дамуы – кәсіпкерліктің дамуымен, яғни бәсекелік және қаныққан нарықтың дамуымен тығыз байланысты болады. Кәсіпкерлік сәттілік көп жағдайларда, тіпті толығымен десе де болады, жоғары басшылықтың құзыреттілігіне байланысты болады.

Кәсіпкерлік саласындағы MBA бағдарламасы – өнімді жетілдіру, өзгерістерді басқару және көшбасшылық салаларындағы, кірісті ұлғайту және өзіндік құнын төмендету әдістері саласындағы жетіспей тұрған білімге қол жеткізуге және қолда бар білімді тереңдетуге мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлік саласындағы МВА бағдарламасының түлектері сонымен қатар орта және жоғары буындағы басқарушы қызметіне жұмысқа орналасу барысында қосымша артықшылықтарды иемденеді.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • инновациялық кәсіпорынның бизнес-жоспарын жасайсыз;
  • идеяларға маркетингілік талдау жасауды үйренесіз;
  • инновациялық қызметтің әдістері мен құралдарын тәжірибе жүзінде қолдана аласыз;
  • стартап-жобаларды басқарудың негізгі ұғымдарынан хабардар боласыз;
  • өзіңіздің бизнес-идеяңызды, нарықты, жақтастарды және бәсекелестерді бағалайсыз;
  • өсіп келе жатқан бизнеске қаржыландыруды қай кезде тарту керектігін білесіз және олардың көздерін табудың мүмкіншіліктерін оқып зерттейсіз;
  • стартаптағы инвестициялардың тиімділігінің көрсеткіштерін есептеп шығаруды үйренесіз;
  • инвестормен келіссөздер жүргізу барысында инвестициялық құжаттарды жасаудың ерекшеліктерін талқылайсыз;
  • өз компанияңызды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыра аласыз және басқарушылық міндеттерді шешуге жүйелі түрде кірісе аласыз;
  • маркетингтің дәстүрлі және заманауи құралдарын, соның ішінде, бюджеті аз құралдады оқып зерттейсіз;
  • тиімді стратегияларды, соның ішінде, тауашалы стратегияларды жетілдіру және іске сыру құралдарын игересіз;
  • инфрақұрылымды иемденудің құнын бағалауды үйренесіз, ақпараттық жүйенің оңтайлы сәулетін таңдаудағы заманауи тәсілдемелерді оқып зерттейсіз;
  • кәсіпкерлік құқық, салық салу, бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша тәжірибешіл-сарапшылардан кеңес аласыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • шағын және орта бизнес иесіне;
  • ішкі корпоративтік жоба жетекшісіне, соның ішінде, инновациялық жоба жетекшісіне;
  • өсіп келе жатқан кәсіпорынның қаржы немесе маркетинг жөніндегі директорына;
  • жоба менеджеріне;
  • жаңа жобаның стартапы тапсырылған атқарымдық бөлімшенің басшысына;
  • жобалық команданың қатысушысына;
  • жаңа жобаларды жасаушыға.

Оқудың ұзақтығы

Кәсіпкерлік саласындағы МВА бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі, оның шеңберінде сабақ күндізгі тәртіптемеде өткізіледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім;
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

Салалық MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом.
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы UNESCО логотипі бар диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.