МВА Кенсіз шикізат өндіру

Кенсіз шикізат өндіру (күкірт, тұз, отқа төзімді балшық, әк тас, кварциттер, қалыптау балшықтары мен құм, гранит, мәрмар және т.б.) біздің еліміздегі шаруашылық қызметтің аса маңызды салаларының бірі болып табылады. Ресей кенсіз шикізаттың көптеген түрлерінің босалқы қорлары және оларды өндіру бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарында болып отыр. Бұл – еліміздің экономикасы үшін кенсіз шикізат өндірудің ерекше маңыздылығын білдіреді.

Moscow Business School ұсынған «Кенсіз шикізат өндіру» саласындағы MBA бағдарламасы – кенсіз шикізат өндіру саласындағы бизнес-міндеттерді шешу үшін қажетті жалпы дайындықпен үйлестірілген шаруашылық қызметтің осы саласының маркетингі мен менеджментінің заманауи құралдарын оқып зерттеуді қамтиды.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • кенсіз шикізат өндіру кенішінің жұмысын қалай оңтайландыру керектігін білесіз;
  • кенсіз шикізат өндіру нысандарының қаржылық қызметін жоспарлау және оларды бюджеттеу жөніндегі кәсіби ұсыныстарға қол жеткізесіз;
  • қаржы келешегін бағалаудың және маркетингілік стратегияны жасап шығарудың объективті әдістерін меңгересіз;
  • дипломдық жобамен жұмыс жасау барысында, қызметі кенсіз шикізат өндірумен тікелей байланысты компаниядағы бизнес-үдерістерді жетілдіре аласыз және оңтайландыра аласыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • кенсіз шикізат өндіру саласындағы компаниялардың менеджерлеріне;
  • қызметі кенсіз шикізат өндірумен тікелей байланысты компаниялардың жоғры және орта буындағы басшыларына және иелеріне.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім;
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

Салалық MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом.
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы UNESCО логотипі бар диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.