MBA Орман шаруашылығы

Ормандар Ресей аумағының төрттен үш бөлігін басып жатыр, сондықтан орман шаруашылығы Ресей Федерациясындағы шаруашылық қызметінің аса маңызды салаларының бірі болып табылады. Бағдарламада ормандарды барынша тиімді пайдаланудың тәжірибесі, орман заңнамасы және ормандарды сақтау мәселелері жан-жақты баяндалады.

Moscow Business School ұсынған «Орман шаруашылығы» саласындағы МВА бағдарламасы – орман шаруашылығы саласындағы бизнес-міндеттерді сәтті шешу үшін қажетті жалпы дайындықпен үйлестірілген шаруашылық қызметтің осы саласының маркетингі мен менеджментінің заманауи құралдарын оқып зерттеуді қамтиды.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • орман пайдалану жүйесі саласында жұмыс істейтін компанияның менеджментінің ерекшеліктерімен танысасыз;
  • орман пайдалану жүйесіндегі қызметтің бизнес-жоспарын жасауды үйренесіз;
  • орман экожүйелері мен оларға мониторинг жасау негіздерімен танысасыз;
  • орман пайдалану жүйесіндегі қызметті жоспарлау және оны бюджеттеу жөніндегі кәсіби ұсыныстарға қол жеткізесіз;
  • қаржы келешегін бағалаудың және маркетингілік стратегияны жасап шығарулың объективті әдістерін меңгересіз;
  • дипломдық жобамен жұмыс жасау барысында, қызметі орман шаруашылығымен тікелей байланысты компаниядағы бизнес-үдерістерді жетілдіре аласыз және оңтайландыра аласыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • орман шаруашылығы саласында жұмыс істейтін компаниялардың менеджерлеріне;
  • қызметі орман шаруашылығы саласымен тікелей байланысты компаниялардың иелеріне.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім;
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

Салалық MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом.
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы UNESCО логотипі бар диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.