MBA Білім беру. Консалтинг

Білім беру мекемесінің қызметтерін жайғастыру және жылжыту — нарықты және өзінің «зиятты өнімін» жақсы білуді ғана емес, сонымен қатар, білім беру қызметтерін жылжыту технологияларын білуді; маркетингілік, жарнамалық, PR-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру қабілетін; қызмет етудің тиімділігін бағалау қабілетін қажет ететін, қызмет етудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Сонымен қатар, консалтингілік қызметтер бүгінгі таңда заманауи нарықтың ең қажет етілген бағыттарының бірі болып табылады. Клиенттерге жоғары технологиялық сектордан кеңес беруге маманданған жаңа типтегі консалтингілік компаниялар пайда болуда. Көптеген ірі өндірістік кәсіпорындар консалтинг бойынша өздерінің ішкі бөлімдерін құруда, ал олар тәжірибе жинағаннан кейін, тәуелсіз консалтингілік компаниялар болып қайта құрылады да, нарыққа шығады.

Moscow Business School ұсынған «Білім беру. Консалтинг» саласындағы МВА бағдарламасы білім беру мекемелерін тиімді басқарудың машықтарын, сондай-ақ, консалтингілік қызметті тиімді басқарудың машықтарын дамытуға бағытталған.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • білім беру қызметінің нарығы туралы кешенді түсінік аласыз;
  • білім беру мекемесін жылжытудың ең жаңа технологияларымен танысасыз;
  • консалтингілік компанияның стратегиялық даму үлгілерін және оларды Ресейде қолданудың үздік тәжірибелерін оқып зерттейсіз;
  • консалтингілік қызметтер нарығындағы бағалық артықшылықтарға қалайша қол жеткізуге болатынын білесіз;
  • білім беру мекемесін жылжыту және консалтинг саласындағы іс-шараларды жүзеге асыруды үйренесіз;
  • білім беру және консалтинг саласындағы қызметкерлерді басқарудың спецификасын анықтайсыз;
  • дипломдық жобамен жұмыс жасау барысында өз ұйымыңыздың білім беру/консалтинг саласындағы басқару жүйесін жетілдіре аласыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • білім беру және консалтинг саласындағы ұйымдардың/бөлімшелердің/жобалардың басшыларына;
  • білім беру мекемесіндегі немесе консалтингілік фирмадағы маркетинг, жарнама немесе PR ісіне жауап беретін бөлімшелердің/жобалардың басшыларына;
  • білім беру мекемесін немесе консалтингілік фирманы басқаратын меншік иелеріне.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім;
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

Салалық MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом.
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы UNESCО логотипі бар диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.