Экологиядағы МВА

Экологиялық менеджмент – қоршаған ортаны қорғау саласындағы аса маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Осы саладағы білім – басқарушылық шешімдерді қабылдау сапасын арттыруға мүмкіндік береді және мүдделі тұлғаларға кәсіпорынның қоршаған ортаға жағымсыз әсер ету тәуекелдерін қадағалап және басқарып отырғандығына кепілдік береді.

Экология саласындағы МВА – энергетикалық компанияда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың муниципалдық және пайдаланушылық қызметтерінде жұмыс істеуге арналған экологиялық менеджмент саласындағы білімге қол жеткізудің үздік әдісі болып табылады.

Түлектер экологиялық компаниялардың, ірі энергетикалық компаниялардың, жүйелі түрде қоршаған ортаның қамын ойлайтын барлық кәсіпорындардың орта және жоғары буындағы маманы қызметіне жұмысқа орналасу барысында қосымша артықшылықты иемденеді.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • кәсіпорынның тұрақты даму тұжырымдамаларымен және қағидаттарымен танысасыз;
  • экологиялық менеджмент стандарттары туралы, қоршаған ортаға келтірілетін әсерді бағалау үшін онда пайдаланылатын қағидаттар, рәсімдер және техникалар туралы білімге қол жеткізесіз;
  • экологиялық менеджмент жүйелерін жетілдірудің және енгізудің тәсілдемелері туралы хабардар боласыз;
  • ішкі аудит жүргізу және ішкі тексерулерді жоспарлау машықтарына, кәсіпорынның қоршаған ортаға әсер етуін және экологиялық аспектілерін бағалауға арналған куәліктерді жинау машықтарына қол жеткізесіз;
  • түзету және алдын алу әрекеттерін жақсарту, жетілдіру және іске асыру мақсатында күшті тұстары мен салаларын анықтау жөніндегі машықтарға, экологиялық менеджмент жүйесінің жағдайын талдауды жүргізу жөніндегі машықтарға қол жеткізесіз;
  • өз компанияңыздың жұмысын жетілдіру үшін экологиялық менеджмент жүйесін пайдалану мүмкіндіктерін талдайсыз;
  • саланың экономикалық және салықтық ерекшеліктерін ажырата аласыз;
  • энергоаудиторлық компаниялардың энергетикалық зерттеулерді ұйымдастыруы және жүзеге асыруы мәселелерінен хабардар боласыз;
  • РФ электр энергетикасындағы әр-түрлі тарифтік жүйелерді қолдану тәжірибесін және ақырғы тұтынушылардың сан-алуан түрлерімен жұмыс жасау құралдарын оқып зерттейсіз;
  • кәсіпорынның экономикалық қызметіне және жалпы тарифтік реттеуге – энергия үнемдеудің қол жеткізілген нәтижелерінің және бақылау-өлшеу кешенінің әсерін талдайсыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • экологиялық менеджмент қызметінің басшысына немесе менеджеріне;
  • сапа жөніндегі маманға;
  • энергетикалық компанияда жұмыс істейтін маманға;
  • кәсіпорынның бас энергетигіне немесе оның орынбасарына;
  • энергиямен жабдықтау және энергетикалық тиімділікті арттыру жөніндегі топтың немесе жобаның жетекшісіне;
  • электр энергетикасымен байланысты ұйымның заңгеріне, экономистіне, бухгалтеріне немесе басшысына.

Оқудың ұзақтығы

Экология саласындағы МВА бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі, оның шеңберінде сабақ күндізгі тәртіптемеде өткізіледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім;
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

Салалық MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом.
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы UNESCО логотипі бар диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.