МВА Клиенттік сервис және жылы шырайлылықпен жұмыс жасау

Жылы шырайлылық бағдарламалары – клиенттермен арадағы қарым-қатынастарды сақтап қалудың және жақсартудың барынша дамыған құралдарының бірі болып табылады. «Ескі» клиенттерді ұстап қалу және «жаңа» клиенттердің басым көпшілігін тұрақты ету жүйесін жетілдіру – клиенттік сервисті қалыптастырудың негзгі міндеттері болып табылады.

Moscow Business School ұсынған «Клиенттік сервис және жылы шырайлылықпен жұмыс жасау» саласындағы МВА бағдарламасы – байланысқа бейімділік, күйзеліске қарсы төзімділік, кикілжің жағдаяттарының туындау барысындағы оперативтік ойлау қабілеті секілді қасиеттерді дамытуға бағытталған. Бағдарламада баяндаудың қарапайымдылығы мен кәсіби тәсілдеме, жаттықтырушылардың теориялық негіздері мен практикалық тәжірибелері жақсы біріктірілген. Қатысушылар компаниядағы клиенттік сервистің аса жоғары деңгейін құруға және қамтамасыз етуге арналған қажетті білім алады.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • клиенттердің жылы шырайлылығын күшейтудің сан-алуан әдістерімен бірге, клиентке бағдарлану тәсілдемесін тімді қолдануды үйренесіз;
  • өз компанияңыз үшін сервис қызметін қалыптастыру/оңтайландыру бойынша әрекет етудің нақты жоспарын жетілдіре аласыз;
  • тұтынушылық түйсікті басқара аласыз;
  • әлеуетті тұтынушыға маркетинг, жарнама және PR жолымен әсер етудің тиімділігін арттыруға көмектесетін құралдарды игересіз;
  • тұтынушылардың шешімдеріне қалай әсер ету керектігін білесіз;
  • мақсаттық сегмент пен тұтынушылық түйсікті ескере отырып, идеяларды құрудың және оларды іске асырудың негізгі әдістерін талқылайсыз;
  • дипломдық жобамен жұмыс жасау барысында өз ұйымыңыздың клиенттік сервис саласындағы басқару жүйесін жетілдіре аласыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • компаниялардың бас директорлары мен коммерциялық директорларына;
  • маркетинг, жарнама, сату бөлімдерінің басшыларына;
  • маркетинг және жарнама жөніндегі менеджерлерге, бренд-менеджерлерге;
  • компаниялардың талдаушыларына.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім;
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

Салалық MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом.
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы UNESCО логотипі бар диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.