Брендинг және жарнама

Ешбір кәсіби сала қоғамдағы өзгерістерді – жұртшылықпен байланыс саласы секілді жылдам сезіне алмайды. Компанияның маркетингілік коммуникацияларын кәсіби басқару мәселесі қазіргі уақытта аса өзекті болып отыр. Кейде бізге өз жарнамамызды орналастырудың немесе PR-кампанияны өткізудің тиімділігін, сондай-ақ ақша қаражаттарының жұмсалуының оңтайлылығын бағалау қиын болады. Жылжыту жөніндегі табысты компаниялар әрдайым бірегей креативті тұжырымдаманы және жоғары деңгейдегі менеджментті негізге алады.

Moscow Business School ұсынған «Брендинг және жарнама» саласындағы МВА бағдарламасы бизнесті жылжытудың заманауи құралдарын: жарнаманы, PR-кампанияны, бренд-менеджментті, Media Relations технологияларын (баспасөзбен байланыс) оқып зерттеуді қамтиды.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • маркетингілік іс-шараларды жоспарлаудағы қысқа мерзімдік нәтижені бағалау мен ұзақ мерзімдік инвестицияларды қалай үйлестіру керектігін білесіз;
  • бюджетті жоспарлау мен келешектерін бағалаудың объективті әдістерін меңгересіз;
  • бренд-менеджменттің негізгі тұжырымдамалары мен құралдарын оқып зерттейсіз;
  • маркетингілік іс-шараларды жоспарлау және оларды бюджеттеу бойынша кәсіби ұсыныстарға қол жеткізесіз;
  • жарнамалық және PR-кампанияларды өткізудің әр-түрлі кезеңдерінде олардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыруды үйренесіз;
  • бюджетті үнемдей аласыз және жаңа жобаларды іске асыруға арналған қосымша бюджеттерге қол жеткізе аласыз;
  • дипломдық жобамен жұмыс жасау барысында компаниядағы бренд-менеджмент және жарнама жүйесін жетілдіре аласыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • жарнама және PR қызметі басшыларына;
  • жарнама және PR жөніндегі жетекші мамандарға;
  • маркетингілік-жарнамалық жоспарлауға, бюджеттеуге, жарнамалық және маркетингілік кампаниялардың тиімділігін бағалауға жауап беретін мамандарға;
  • коммерциялық директорлар мен маркетинг жөніндегі директорларға.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім;
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

Салалық MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом.
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы UNESCО логотипі бар диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
745 000 тенге
(1 095 000 тенге)
1 095 000 тенге
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.