МВА Агро

Агроөнеркәсіп кешені қазіргі уақытта еліміздің ең ірі халық шаруашылығы кешені болып табылады, сондай-ақ, еліміздің тұрақты экономикалық дамуын анықтайтын аса ірі сала-аралық кешен болып табылады.

АӨК саласындағы жұмыс абыройлы және сенімді болып абылады, онда жақсы жалақы төленеді және мұндай жұмыс – қоғамның қамын ойлау миссиясының элементтерін қамтиды.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • стратегиялық басқарудың тиімділігін арттыруға арналған білім мен машықтарға қол жеткізесіз;
  • қызметкерлерді тарту, басқару, уәждеу қабілеттерін дамытасыз;
  • АӨК нарығының ерекшеліктерін пайдаланудағы білім мен машықтардың ауқымын кеңейтесіз және тереңдетесіз;
  • кәсіби қызметтің тиімділігін арттырудың тиімді құралдарының жиынтығын меңгересіз;
  • әрбір басқарушы үшін қажетті құрылымдалған және жүйелендірілген кешенді білім аласыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • АӨК кәсіпорындарының менеджерлері мен бөлімшелерінің мамандарына;
  • фермерлік шаруашылықтардың иелері мен басқарушыларына;
  • АӨК саласында жұмыс істейтін компаниялардың иелеріне.

Оқудың ұзақтығы

Агроөнеркәсіп саласындағы МВА бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі, оның шеңберінде сабақ күндізгі тәртіптемеде өткізіледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім;
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

Салалық MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом.
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы UNESCО логотипі бар диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.