Құқық

Ресей Федерациясында бүгінгі таңда заңгерлік қызметтер нарығы жеткілікті деңгейде дамыған, және оның дамуы – серпінді түрде өзгеріп отыратын нормативтік базамен және кәсіпқойлардың осы саладағы өз білімі мен машықтарын ұдайы жетілдіріп отыру, сот практикасы тәжірибесін жинақтау және қалыпсыз міндеттерді шешу қажеттілігімен тікелей байланысты. Екінші жағынан, ірі ұйымдар бүгінгі таңда ішкі заңгерлік қызметтерін құра алады, және мұндай қызметтер жекелеген жағдайларда, заңгерлік қызметтерді көрсетумен маманданатын компаниялармен бәсекелеседі, я болмаса аутсорсинг механизмдерін пайдалана отырып серіктестік қарым-қатынасқа түседі.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • Бір-бірімен өзара байланысуы тұрғысында қарастыра отырып – өндірісті, қаржыны, маркетингілік бастамаларды, адамдар мен үдерістерді басқару саласындағы басқарушылық міндеттерді шешуге жүйелі түрде кірісе аласыз;
  • Жобаларды, тәуекелдерді басқарудың, бизнес пен қызметтер маркетингі құнын басқарудың заманауи әдістемелерімен, бизнес-үдерістер реинфжинирингі мен сипаттау құралдарымен, бизнес-үдерісте келісім-шарттық құқықты қолданудың және мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру мен сүйемелдеу тәсілдемелерін қолданудың аспектілерімен, төрелік үдерістерді жүргізудің ең үздік тәжірибелерімен танысасыз;
  • Заңгерлік компанияның немесе қызметтің әрекет етуіндегі тиімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тәжірибешіл-сарапшылармен, тартылатын оқытушылармен және өз курстастарыңызбен өз біліміңізді және тәжірибеңізді алмаса аласыз;
  • Аутсорсингілік жобаларды басқарудың ең үздік тәжірибелерімен танысасыз;
  • Өз бизнесіңіз бен бөлімшеңіздің тиімділігін арттыру мақсатында білгілі бір ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігін бағалауды үйренесіз;
  • Дипломдық жобамен жұмыс жасау барысында өз ұйымыңыздағы немесе бөлімшеңіздегі басқару үдерістерін жетілдіре аласыз.

Оқудың ұзақтығы және оқу жоспары:

«Құқық» мамандануындағы MBA Professional бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім;
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

Салалық MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом.
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы UNESCО логотипі бар диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.