Сақтандыру бизнесіндегі МВА
Сақтандыру бизнесіндегі МВА бағдарламасы тыңдаушыларға стратегиялық жоспарлау, өзгермелі жағдайларға жылдам бейімделу машықтарын қалыптастыруға мүмкіндік беретін теориялық білім мен тәжірибелік машықтарды қамтиды.
Бағдарлама – мазмұны бойынша бірегей болып табылады, сондай-ақ, сақтандырудағы өз білімін тереңдетуді және сақтандыру бизнесін басқару қағидаттарын меңгеруді қалайтын сақтандыру бизнесі өкілдеріне арналған Ресейдегі санаулы бағдарламалардың бірі болып отыр.
Сақтандыру бизнесіндегі МВА бағдарламасы – сақтандыру бизнесінің әрбір менеджері иемденуі тиіс негізгі кәсіби құзыреттерді: көшбасшылықты, командада жұмыс істеу қабілетін, әсершіл зиятты, таныстыру техникасын қалыптастыруға және дамытуға, сондай-ақ арнаулы білім мен машықтарды күшейтуге көмектеседі.
Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:
-
кәсіби тәжірибенің негізінде қол жеткізілген білімді жүйелендіресіз;
-
кәсіби құзыреттердің ауқымын едәуір кеңейтесіз;
-
компанияны басқарудың инновациялық құралдары мен әдістерін жұмысқа енгізесіз;
-
сақтандыру саласындағы бизнес-байланыстарды қалайша қалыптастыру керектігін білесіз;
-
компанияның бәсекелік артықшылықтарын анықтауды және тәжірибе жүзінде іске асыруды үйренесіз;
-
бизнесті басқарудың барынша ықпалды әдістері мен технологияларын меңгересіз.
Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?
-
сақтандыру бизнесіндегі компаниялардың жоғары және орта буындағы басшыларына;
-
сақтандыру компанияларының менеджерлері мен мамандарына;
-
сақтандыру бизнесінің иелеріне.
Оқудың ұзақтығы
Сақтандыру бизнесіндегі МВА бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі, оның шеңберінде сабақ күндізгі тәртіптемеде өткізіледі.