МВА ТКШ (Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық)

Осы ТКШ саласының үлесіне еліміздің экономикасының едәуір бөлігі тиеді. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді ұсыну саласында жұмыс істейтін мамандардың қызметі менеджмент, жоспарлау, компанияның стратегиялық дамуы секілді салаларды қамтиды.

Moscow Business School ұсынған MBA ТКШ бағдарламасы ТКШ ұйымдарының есеп саясатын, коммуналдық қызметтерді ұсыну саласындағы тарифтік саясатын оңтайландыруға бағытталған. Бағдарламаның басым артықшылығы – оның тәжірибеге бағдарлануы, яғни, қол жеткізілген білімді жылдам қолдану мүмкіндігі болып табылады.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • ТКШ компаниялары қызметінің жүйелі көрінісін қалыптастырасыз;
  • коммуналдық қызметтерді ұсыну саласындағы тарифтік саясатты оңтайландыру бойынша тәжірибелік білімге қол жеткізесіз;
  • ТКШ саласындағы компанияларды тиімді басқаруға үйренесіз;
  • ТКШ компанияларының есеп саясатының негіздерін оқып зерттейсіз;
  • ТКШ басқарудың тиімділігін арттыру әдістерін меңгересіз;
  • шығындарды басқарушылық есепке алу технологияларын оқып зерттейсіз;
  • ТКШ саласындағы тәжірибешіл-мамандармен біліміңіз бен тәжірибеңізді алмаса аласыз;
  • компанияны басқару жүйесін жетілдіре аласыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • ТКШ саласының үдерістерін ұйымдастыруды терең түсінуге талпынатын компания/бөлімше/жоба жетекшілеріне;
  • ТКШ саласының үдерістерін ұйымдастыруды терең түсінуге мүдделі бизнес иелеріне.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім;
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

Салалық MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом.
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы UNESCО логотипі бар диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.