Тағам өнеркәсібіндегі МВА

Тағам өнеркәсібіндегі МВА бағдарламасы — компанияның ресурстарын басқаруды жетілдіруге, ұйымның ішіндегі менеджменттің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ, өнімді өндіру және шығару бойынша жүзеге асырылатын барлық жұмыстардың сапалық деңгейін арттыруға көмектесетін, арнаулы жетілдірілген МВА бағдарламасы болып табылады.

Тағам өнеркәсібіндегі МВА бағдарламасы бүкіл әлемдегі тағам өндірісінің серпінді дамуымен сипатталатын заманауи жағдайларда компанияны тиімді басқару үшін қажетті курстардың ауқымды кешенін қамтиды.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • басқарушылық машықтарды тыңғылықтайсыз;
  • тағам өнеркәсібі кәсіпорындарында бизнесті оперативтік және стратегиялық басқару машықтарына қол жеткізесіз;
  • серпінді дамып отырған саладағы компанияны басқаруда жүйелік көзқарасты иемденесіз;
  • жеке тиімділік деңгейін арттырасыз;
  • бизнес-коммуникацияларды қалыптастырудың негізгі құралдарын игересіз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың басқарушылары мен иелеріне;
  • тағам индустриясында жеке компанияларын ашуды жоспарлаған мамандарға;
  • тағам өнімдерін өндіру жөніндегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың менеджерлері мен мамандарына.

Оқудың ұзақтығы

Тағам өнеркәсібіндегі МВА бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі, оның шеңберінде сабақ күндізгі тәртіптемеде өткізіледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім;
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

Салалық MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом.
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы UNESCО логотипі бар диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.