Фитнес-индустриядағы МВА

Фитнес саласындағы MBA бағдарламасы Сізге фитнес-клубтың қызметін ұйымдастыру бойынша тәжірибелік білімге қол жеткізуге мүмкіндік береді: стратегиялық даму, қызметтер құрылымы, сату, маркетинг және есеп саясаты жүйесі, қызмет көрсету стандарттары. Сіз клиенттермен өзара қарым-қатынастардың оңтайлы жүйесін қалыптастыруды, жекелеген департаменттерді басқаруды, бюджетті жоспарлауды, тиімділігін талдауды біліп үйренесіз. Сонымен қатар, бұл бағдарлама Сізге спорттық менеджменттің негіздерін оқып зерттеуге көмектеседі.

Фитнес саласындағы МВА бағдарламасының түлектері маркетинг, жарнама және PR жөніндегі маман, жарнама агенттігінің директоры немесе менеджері, фитнес-клубтың басқарушысы қызметіне жұмысқа орналасу барысында қосымша артықшылықтарды иемденеді.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • Фитнес-орталықтың тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін қалай басқару керектігін білесіз;
  • Фитнес-қызметтер нарығында өзіңізді қалайша дұрыс жайғастыру керектігін білесіз;
  • Фитнес-орталықтың негізгі және қосымша қызметтерінің барынша оңтайлы жиынтығын қалыптастыра аласыз;
  • Қызметтерді сату жүйесін қалай ұйымдастыру керектігін білесіз;
  • Клубқа маркетингілік міндеттерді жүктей аласыз;
  • Клиенттерді тарту және ұстап қалу жағдайында маркетинг құралдарын қалай пайдалану керектігін білесіз;
  • Спорттық ұйымдардың қаржылық қызметінің ерекшеліктерін білесіз;
  • Спорттық қызметтер саласындағы нормативтік-құқықтық базаны қарастырасыз;
  • Спорттық ұйымдарды басқару қағидаттарын, жаттығу үдерісі мен жарыстарды дайындау және өткізу қағидаттарын меңгересіз;
  • Басқарудың, функцияларды бөліп берудің, тиімділік көрсеткіштерін анықтаудың жұмыс істейтін құрылымын қалыптастыра аласыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • Фитнес-орталықтың басқарушысына, иесіне;
  • Фитнес-клубтың жоғары және орта буындағы менеджерлеріне;
  • Жоғары және орта буындағы менеджерлерге, спорттық ұйымның маркетиннг, жарнама және PR жөніндегі мамандарына.

Оқудың ұзақтығы

Фитнес-индустрия саласындағы МВА бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі, оның шеңберінде сабақ күндізгі тәртіптемеде өткізіледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім;
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

Салалық MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом.
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы UNESCО логотипі бар диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.