MBA Балық аулаушылық және балық өсірушілік

Балық аулаушылық дәстүр бойынша адамның шаруашылық қызметінің аса маңызды салаларының бірі болып табылады. Сонымен қатар, су биоресурстарының сарқылуы – «балық фермаларын» құру және барынша тиімді пайдалану жөніндегі ғылым болып табылатын балық өсірушіліктің маңыздылығының артуына апарып соқтырады.

«Балық аулаушылық және балық өсірушілік» саласындағы МВА бағдарламасы – балық аулаушылық және балық өсірушілік саласындағы бизнес-міндеттерді сәтті шешу үшін қажетті жалпы дайындықпен үйлестірілген шаруашылық қызметтің осы саласының маркетингі мен менеджментінің заманауи құралдарын оқып зерттеуді қамтиды. Moscow Business School мектебіндегі оқудың кез-келгенінің елеулі артықшылығы — тәжірибеге бағдарлану, яғни, қол жеткізілген білімді тәжірибе жүзінде жылдам қолдану мүмкіндігі болып табылады.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • балық аулау компаниясының немесе балық фермасының менеджментінің ерекшеліктерімен танысасыз;
  • балық аулайтын компанияның немесе балық фермасының бизнес-жоспарын жасауды үйренесіз;
  • су биоресурстарына мониторинг жасаудың және су экожүйелерінің негіздерімен танысасыз;
  • балық өсіретін компаниялардың қызметін жоспарлау және оларды бюджеттеу бойынша кәсіби ұсыныстарға қол жеткізесіз;
  • бәсекелес компанияларға қарағанда, қаржы келешегін бағалаудың және маркетингілік стратегияны жасап шығарудың барынша объективті әдістерін меңгересіз;
  • дипломдық жобамен жұмыс жасау барысында, қызметі балық аулаушылықпен және балық өсірушілікпен тікелей байланысты компанияның бизнес-үдерістерін жетілдіре аласыз және оңтайландыра аласыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • балық аулаумен айналысатын компаниялардың менеджерлеріне;
  • балық фермаларының менеджерлеріне;
  • қызметі балық аулаушылықпен және балық өсірушілік саласымен тікелей байланысты компаниялардың иелеріне.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім;
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

Салалық MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом.
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы UNESCО логотипі бар диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.