МВА Фармацевтикадағы басқару

Фармацевтика саласы – бәсекелесу деңгейі аса жоғары салалардың біріне жатады. Компанияның табысқа жетуі – дұрыс басқарушылық шешімдерді қабылдауға байланысты. Тиімді менеджментті құруға қабілетті мамандар еңбек нарығында әрдайым сұранысқа ие болады.

Фармацевтикадағы басқару саласындағы МВА бағдарламасы іскерлік әлем мен фармацевтикалық әлемді ұғыну деңгейін тереңдетуге, фармацевтикалық нарықтың жағдайын, дәрілік заттар мен дәрілік емес препараттарды тіркеу мәселелерін, брендингтің спецификасын және дәрі-дәрмектерді жылжытуды оқып зерттеуге мүмкіндік береді. Тыңдаушылар Ресей нарығындағы PR-мен және GR-мен, заманауи коммуникациялық тәсілдемелермен (тұтынушы, дәрігер, фармацевт) танысады, сондай-ақ, заманауи басқарушы үшін қажетті бүкіл білім мен машықтарға қол жеткізеді.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • Ресейдің фармацевтикалық нарығының құрылымы мен конъюнктурасын оқып зерттейсіз;
  • брендті, коммуникацияларды бақару қағидаттарымен танысасыз;
  • нарықтағы өзгерістерді талдауды меңгересіз және маркетингілік ақпаратты тиімді пайдалануды үйренесіз;
  • өзгермелі нарық жағдайларында орын алып отырған үдерістерді және нарықтың жағдайын жүйелі түрде көре аласыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • фармацевтика нарығымен байланысты ірі компаниялардың бөлімшелерінің басшыларына;
  • фармацевтикалық компаниялардың иелеріне;
  • тәжірибесі аз болса да, жоғары деңгейдегі мансаптық амбициялары бар, дәріхана желілерінің санаттық менеджерлеріне.

Оқудың ұзақтығы

Фармацевтикадағы басқару саласындағы МВА бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі, оның шеңберінде сабақ күндізгі тәртіптемеде өткізіледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім;
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

Салалық MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом.
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы UNESCО логотипі бар диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.