МВА Фармацевтикадағы маркетинг

Фармацевтика нарығы бәсекелестіктің аса жоғары деңгейімен сипатталады, сондықтан сауатты маркетингсіз онда орнығып қалу іс жүзінде мүмкін емес.

Фармацевтикалық маркетинг саласындағы MBA бағдарламасы фармацевтикалық нарықтың ерекшеліктері туралы, мақсатты аудиторияның сегменттерінің сипатттамалары туралы, аймақтық спецификасы туралы, заманауи маркетингілік әзірленімдер туралы білім мен машықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама Ресейдің фармацевтикалық нарығындағы сатулардың тиімділігін арттыру құралдарын игеруге бағытталған.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • Ресейдегі фармацевтикалық нарықтың құрылымы мен конъюнктурасын оқып зерттейсіз;
  • нарықтағы өзгерістерді талдауды және маркетингілік ақпаратты тиімді пайдалануды үйренесіз;
  • брендті жоспарлау және басқару қағидаттарын қарастырасыз;
  • Ресейдің фармацевтикалық нарығында дәрілік препараттар мен дәрілік емес өнімді жылжыту құралдарын меңгересіз;
  • өзгермелі орта жағдайларында тиімді бизнесті арттыруға бағытталған тауартану жүйесінің қатысушыларымен коммуникация жасау туралы білімге қол жеткізесіз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • дәріхана желілерімен жұмыс жасау жөніндегі менеджерге;
  • тәжірибесі аз болса да, жоғары деңгейдегі мансаптық амбициялары бар, дәріхана желілерінің санаттық менеджеріне;
  • дәріхана меңгерушісіне;
  • ірі фармацевтикалық компания басшысына.

Оқудың ұзақтығы

Фармацевтикалық маркетинг саласындағы МВА бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі, оның шеңберінде сабақ күндізгі тәртіптемеде өткізіледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім;
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

Салалық MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом.
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы UNESCО логотипі бар диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.