Энергетикадағы МВА

Moscow Business School ұсынған энергетика саласындағы МВА бағдарламасы басқарушылық машықтарды дамытуға, осы саланың ағымдағы ерекшеліктерімен және мәселелерімен байланысты білімді бекітуге және жаңартуға бағытталған.

Оқу курсы кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды пайдалануға және энергиялық тиімділігін арттыруға қатысты мәселелерді қарастыруды көздейді, ал бұл – барлық кәсіпорын басқшылары мен бизнес иелері үшін аса маңызды болып табылады.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • РФ электр энергетикасындағы әр-түрлі тарифтік жүйелерді және ақырғы тұтынушымен жұмыс жасау құралдарын қолдану тәжірибесін оқып зерттейсіз;
  • тұтынушылардың бір тобына қолданылатын тарифтеудің сан-алуан түрлерін қолдану мүмкіндігін қарастырасыз;
  • аймақтағы электр энергиясының бөлшек сауда нарығында энергиялық тиімділікті және энергия үнемдеуді арттыру бағдарламаларын даярлаудың негізгі бағыттарын қарастырасыз;
  • электр энергетикасы саласындағы монополияға қарсы заңнаманы қолданудың тәжірибесін қарастырасыз;
  • электр энергетикасындағы көтерме және бөлшек сауда нарықтарының үлгілерін және олардың даму беталыстарын оқып зерттейсіз;
  • көтерме және бөлшек сауда нарықтарының келісім-шарттық жүйесін, тауарларды сатып алу-сату, қызметтерді көрсету келісім-шарттарын, электр энергетикасындағы ұйымдық келісім-шарттарды талдайсыз;
  • баға белгілеудің тиімді жүйесін жобалауды түсінесіз және үйренесіз;
  • босалқы қорларды бағалауды және болжалды тәуекелдерді анықтауды үйренесіз;
  • заманауи мұнай компанияларының, энергетикалық компаниялардың құрылымын оқып зертейсіз;
  • ғимараттардың энергиялық аудитін өз бетінше жоспарлап, ұйымдастыра аласыз, ғимараттардың энергетикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін энергия үнемдеу іс-шараларын таңдай аласыз;
  • энергосервистік келісім-шарт (контракт) ұғымымен және оның мәнісімен, энергия үнемдеу іс-шараларын іске асырудың есебінен үнемделген қаражаттарды пайдаланудың тәртібімен танысасыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • көппәтерлі үйлерді немесе әлеуметтік нысандарды (мектеп, аурухана, балабақша, спорт және ойын-сауық кешендері, дүкендер және әкімшілік ғимараттар) басқаратын мамандарға, басшыларға және иелеріне;
  • компаниялардың бас энергетиктері мен оның орынбасарларына;
  • энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру жөніндегі топтың немесе жобаның жетекшілеріне;
  • энергетикалық компанияда жұмыс істейтін мамандарға;
  • электр энергетикасындағы тарифтер жөніндегі мамандарға;
  • энергия өткізу компаниясының қызметкерлеріне;
  • электр желілерін пайдалану жөніндегі мамандарға;
  • электр желілерін жобалаушыларға;
  • муниципалды және пайдаланушылық қызметтердің мамандарына.

Оқудың ұзақтығы

Энергетика саласындағы МВА бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі, оның шеңберінде сабақ күндізгі тәртіптемеде өткізіледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім;
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

Салалық MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом.
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы UNESCО логотипі бар диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.