Дәріханалық ритейлдегі МВА

Дәріханалық ритейл – экономикалық дағдарыстар мен саяси өзгерістерге қарамастан, дамудың әлеуетін иемденетін бизнестің бағыты болып табылады.

Дәріханалық ритейл саласындағы МВА бағдарламасы – өз мансабын және кірістің өсуін дәріханалардағы сатумен байланыстыруды жоспарлаған тұлғаларға жаңа білім алуға және қолда бар білімін құрылымдауға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның тыңдаушылары фармацевтикалық нарықтың ортасын, дәріхана мекемелеріндегі сатулар мен тауар санаттарын басқаруды, сатудың аймақтық спецификасын, желілік дәріхана бизнесіндегі тиімді сатуды ұйымдастыруға бағытталған маркетингілік белсенділіктің заманауи түрлерін оқып зерттейді.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • Ресейдегі дәріхана бизнесінің құрылымын оқып зерттейсіз және фармацевтикалық нарықтың спецификасымен танысасыз;
  • дәріхананың/дәріхана желісінің сұрыпталымын басқарудың негізгі қағидаттарын, сондай-ақ, сатудың тиімділігін арттыру жолдарын қарастырасыз және есепке алуды үйренесіз;
  • конъюнктуралық өзгерістерді талдауды және маркетингілік ақпаратты ұтымды пайдалануды үйренесіз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • дәріхана желілерімен жұмыс жасау жөніндегі менеджерлерге;
  • тәжірибесі аз болса да, жоғары деңгейдегі мансаптық амбициялары бар, дәріхана желілерінің санаттық менеджерлеріне;
  • дәріханалардың меңгерушілеріне;
  • ірі фармацевтикалық компания басшыларына.

Оқудың ұзақтығы

Дәріханалық ритейлдегі басқару саласындағы МВА бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі, оның шеңберінде сабақ күндізгі тәртіптемеде өткізіледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім;
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

Салалық MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом.
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы UNESCО логотипі бар диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.